«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аудандық филиал басшысы есеп берді

2016 жылғы 08 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
7315 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Бородулиха аудандық филиалының директоры Сергей Харченко биыл 10 айы бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді

Сергей Робертовичтің айтуынша, аудандық филиал кәсіпкерлердің құқықтық сауатын ашу үшін, 4 семинар ұйымдастырып, әр сала бойынша мониторинг жасаған. Сондай-ақ бизнесті қорғау бойынша 6 шағым түсіп, оның 5-і оң шешім тапқан, оның 2-і аудан прокурорының көмегімен шешілген.

Филиал ай сайын аудандағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарына мониторинг жасайды, жыл басынан бастап филиал кәсіпкерлер үшін ауылшаруашылық кооперативін ұйымдастырудың пайдасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Есептік мерзім ішінде филиал 56 жобаға қолдау көрсетіп, оның 19-ы жүзеге асты. Бородулиха ауданындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері он ай ішінде 270 кәсіпкерге 462 ақыл-кеңес берген. Заң туралы тағы 98 кеңес қосымша берілген. Бірінші және екінші жарты жылдықтарда жаңадан кәсіп ашқан бизнесмендерге «Бизнес-кеңесші» курстары өткізілді, нәтижесінде 40 адам курсты оқыды деген сертификат алды.

Филиал аудан бойынша кәсіпорындарға жетіспейтін кадрларды анықтау жұмыстарын жүргізді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Бородулиха колледжі және аудан кәсіпкерлері арасында кадр даярлау бойынша үш жақты 13 келісімге қол қойылды. Оған қоса Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ауданда жүйелі кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстарын енгізуге белсенді түрде атсалысып келеді. Ауданда 2 мамандық таңдау кабинеті жұмыс жасайды, тағы 4 кабинет ашу жоспарланып отыр. 

Баяндамада кәсіпкерлердің негізгі проблемалары айтылып, өзге де мәселелер қозғалды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер