«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жауапты бизнесмендер шығынға ұшырап жатыр

2016 жылғы 08 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
5736 просмотров

Алкогольді жасырын сататын саудагерлерді қалай тоқтатуға болады? Осы және өзге де мәселелерді М.Жұмабаев ауданының кәсіпкерлері мемлекеттік органдармен бірге талқылады

Жауапты кәсіпкерлер лицензиялық алымдарды төлеп жүргенде, өзгелер алкогольді заңсыз саудалауда, осылайша олар адал бизнесмендерді шығынға ұшыратып, қалталарын қалыңдатып отыр. Осыған байланысты ауыл бизнесмендері дабыл қағуда, мәселені жедел шешу керек, дейді олар. Алкогольді лицензиясыз сататын нүктелерді жою мәселесін шенеуніктер мен кәсіпкерлер «дөңгелек үстел» басында талқылады. Сонымен қатар, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, видеобақылау жүйелерін орнату сияқты мәселелер де күнтәртібіне шығарылды.

Заңсыз саудагерлермен бірлесе отырып қана күресуге болады, деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының М.Жұмабаев ауданындағы филиалының директоры Нұржанат Шаримов. Осыған байланысты ол Ішкі істер органы мен Палата арасындағы меморандум аясында кәсіпкерлік емес қызмет субъектілерінің алкогольді өнімдерді сату деректерін анықтау жөнінде ортақ жұмыс атқару туралы ұсыныс білдірді. «Бүгінгі таңда бұл мәселе ауданымыздағы бірқатар ауылдық округтерде кездеседі, соған байланысты лицензиялық алымдарды төлеп, заң шеңберінде жұмыс істейтін жауапты кәсіпкерлер шығынға ұшырап отыр», – деді ол.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, осы бағыт бойынша жұмыстарды күшейту, жергілікті атқарушы органдармен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, ортақ шаралардың жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер