«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мен Палатаға сенемін!

2016 жылғы 09 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
5960 просмотров

Шал ақын ауданындағы филиал мамандары ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің проблемасын шешуге көмектесті

Шал ақын ауданында 2015 жылдан бастап ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері ашыла бастады.

Сергей Кучин алғашқы болып ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құрғандардың бірі. Жуырда «Новый путь Марьевский» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі қайта тіркеу кезінде қиындықтарға тап болды. «Кооперация туралы» заңға сәйкес, биылдан бастап барлық тұтыну кооперативтері ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері болып қайта тіркелуі тиіс. Барлық өзгерістер тек жалпы жиналыс өткен соң ғана енгізіледі, содан соң барып хаттама толтырылып, ол әрі қарай әділет органдарында тіркеледі.

Кооператив штатында заңгер де, бухгалатер де жоқ болып шықты, сондықтан Сергей Кучин Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалынан көмек сұрады. «Бұдан бұрын да Кәсіпкерлер палатасының филиалынан көмек сұраған болатынмын. Ол кезде қызметкерлер барлық құрылтайшылық құжаттарды әділет органдарында тіркеуге көмектескен», – дейді ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Сергей Кучин. «Біздің бағымызға орай Палатада әртүрлі қызметтер көрсетілетіні қандай жақсы. Бұл жолы бізге бухгалтерлік есепке қатысты проблемаларды шешіп, статистикалық есеп-қисапты қалай толтыру керектігін түсіндіріп берді. Келешекте ауылшаруашылық өндірістік кооперативін дамыту үшін несие алмақпын, дұрысын айтқанда сүт мұздатқыш танкер алғым келеді. Несиені рәсімдеу кезінде Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалынан көмек сұраймын», – деп бөлісті Сергей Кучин. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер