Сұлулық салонын ашады
Қызылжар ауданында жаңа сұлулық салоны ашылады
Салонның ашылуына аз ғана уақыт қалды. Жұмысшылар соңғы жұмыстарды аяқтап қалды. Бұл маңызды қадамды кәсіпкер Жаңабек Сәдуов «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асыра алды. Жаңабек Жұманғалиұлы өз идеясын айтып, Кәсіпкерлер палатасы филиалының мамандарына жүгінген. Олар бизнес-жоспар құруға және қажетті құжаттар пакетін жинауға көмектескен. Талқылаудан кейін жоба мақұлданды. Оны іске асыру үшін кәсіпкер 3 млн теңге алды. Келесі жылдың басында Бескөл ауылының тұрғындары сұлулық салонының қызметін пайдаланатын болады.
Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша филиалдың қолдауымен барлығы 13 бизнес-жоба іске қосылды. Олардың көбі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, сонымен қатар қызмет көрсету саласындағы жобалар болып табылады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: