«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Солтүстік Қазақстан» аялдамасы!

2016 жылғы 14 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
5630 просмотров

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Петропавлға келді

Ақпараттық үгіт-насихат пойызын солтүстік өңір ән шашумен қарсы алды. Шаһарға жеткен делегаттар, бірден қаланың әр бөлігіне тарауды жөн санады. Себебі, аз ғана уақытта, меймандар атқарар жұмыс көп еді. Айта кетерлігі, делегация құрамында еліміздің 7 министрліктің, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, ұстаздар, заңгерлер мен дәрігерлер және т.б. мамандар бар.

Шарадан Өңірлік палата өкілдері де сырт қалмады. Осылайша, облыс кәсіпкерлері үшін бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау, бизнесмендерді заңнамалық және өзге де нормативті ережелерді әзірлеу процесіне жаппай  тарту мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді дамытуға бағытталған дәріс-таныстырылымдар да өткізілді. Кездесулерде өңір тұрғындары елордалық мамандарға тікелей сауал жолдауға мүмкіндік алды. 

Мұндай мүмкіндікті жеке кәсіпкер Амангелді Сыздықов та қалт жібермеді. Кәсіпкер бірнеше жыл бойы жолаушылар тасымалдау саласында қызмет етіп келеді екен. Айтуынша, делегацияның өңірге келгенін естіп, әдейі осында бас сұққан көрінеді. 

«Осыдан үш жыл бұрын, мен, заңсыз тасымалдау саласын ретке келтіру туралы шағым жазып, барлық инстанияларға дейін барған болатынмын. Осы салада жұмыс жасап жүрген адам ретінде, саладағы жауапсыз бәсекеге қатысты барлық проблемалардан хабарым бар және содан зардап тартудамын. Тіпті, қазіргі күні, маған облыс ішіндегі бірнеше бағыттарды жабуға тура келді», – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, заңсыз жолаушы тасымалдаушылардың өздері де орын алып отырған жайттарды өзгертуге құлық танытып отырған көрінеді. Алайда, әзірге ондай мүмкіндіктер жоқтың қасы екен. Тіпті, 20-ға жуық адам, Амангелді Сыздықовқа жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға қажет құжаттарды рәсімдеу мақсатында, көмекке жүгініпті. Сол кезде, кәсіпкерге вокзал аумағында қалааралық және облыс аумағындағы сапарларды жүзеге асыратын жүргізушілерге арналған диспетчерлік пункт ашу туралы ой келген. Бұл мақсатта, кәсіпкерге арнайы жер телімі де берілген. Өкініштісі, кәсіпкер бастамасы жүзеге аспай жатып, іс «жабулы қазан» күйінде қалған.

«Егер, бұл жұмысты соңына дейін жеткізсе, заңсыз такси жүргізушілердің көпшілігі алғыс айтумен болар еді. Оларға күн сайын медииналық, техникалық тексерістен өту мүмкіндігі жасалар еді. Қаншама жол апаттарының алдын алатын едік. Жол көлік оқиғаларының кімнің кесірінен орын алып жатақанын жақсы білеміз ғой. Мұндай келеңсіздіктердің басты себебі – жекеменшік жолаушы тасымалдаушылардың дені тіркелмеген. Осылайша, шаршап тұрған, қан қысымы жоғары жүргізушілердің кесірінен, әлгіндей жағдай орын алып жатады! Мұның барлығын тексеріп жатқан тірі жан жоқ»,– дейді Амангелді Сыздықов.

Десе де, аталған мәселе ел көлеміндегі проблема екені айдан анық. СҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, бұл мәселені кешенді түрде, барлық мүдделі тараптарды тарта отырып шешу керек. 

Палата өкілдері кәсіпкерлер көтерген барлық мәселелер міндетті түрде қаралып, зерделенетін айтты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер