«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Супербухгалтер, ол кім?

2016 жылғы 25 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
5888 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында 50-ден астам есепші қатысқан, жыл сайын өтетін «Супербухгалтер» байқауы қорытындыланды

«Супербухгалтер» байқауы осымен 4-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Айта кетерлігі, байқауға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Байқау үш кезеңнен тұрады: I және II кезеңдер – онлайн режимде, ал III кезең – бетпе-бет түрде өтеді. Екінші кезеңге өту үшін, бухгалтерлер барлық 40 ұпайдан кем дегенде 25-ін жинау керек екен. Биыл байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 15 мыңнан астам бухгалтер қатысқан. Олардың ішінде тек 240 есепші ғана ақтық сынға дейін жеткен.

Петропавлда байқауға 49 адам қатысты. Олардың ішінде мемлекеттік сектордан 7, коммерциялық саладан 42 бухгалтер бақ сынады. Қатысушылар екінші кезеңде 20 күрделі тест сұрағына жауап берді. Осылайша, ақтық мәреде 8  адам өз бақтарын сынап көрді. Олардың үшеуіне сертификаттар табыс етілді. Ескеретін жайт, байқау мұнымен аяқталған жоқ. Есепшілерді алда республикалық байқау күтіп тұр. Осылайша, жаңа жылға дейін, еліміздің үздік «Супербухгалтерлерінің» есімдері белгілі болмақ.

Сонымен қатар, байқау аясында онлайн-режимде «Үздік студент» аталымы өтеді. Сондай-ақ, «Супербухгалтер» байқауымен қатар, «ХҚЕС (Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарының) сарапшысы» атты халықаралық байқау өткізіледі. Екі кезеңнен тұратын байқауға еліміздің мамандарымен қатар, ТМД елдерінің сарапшылары да қатысады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер