«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жарық жедел берілді

2016 жылғы 09 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5426 просмотров

Энергия таратушы компания мен кәсіпкер арасындағы дау-дамайды Кәсіпкерлер палатасы филиалының қызметкерлері шешіп берді

Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл ауданы филиалына Троицкое  ауылының жеке кәсіпкері Валентина Курдыбайло шағым түсірген. Кәсіпкердің айтуынша, энергетиктер электр қуатын өшіру үшін оның дүкеніне келген. Бұл кезде кәсіпкер облыс орталығында болған көрінеді. Орын алған келеңсіздік туралы ол сатушыдан біледі. Валентина бірінші кезекте  «Севказэнергосбыт» ЖШС-не барып, қажетті төлем төлейді. Айта кетерлігі, ондағылар кәсіпкерге қарызды толығымен жапқанын, сондықтан электр қуатын сөндірмейтіндіктерін хабарлайды. Алайда, энергетиктер уәдесінде тұрмай, дүкенді электр қуатынан ажыратқан көрінеді.

Мәселені өз бетімен шеше алмаған кәсіпкер, филиал көмегіне жүгінуді жөн көрген. Осылайша,  Палата қызметкерлері кәсіпкер мен «Севказэнергосбыт» ЖШС арасындағы келісімшартты мұқият зерттеп, ЖШС электр энергиясын келісім талаптарын бұза отырып өшіргенін анықтаған. Ал ереже бойынша, электр қуатын таратушы мекеме, тұтынушыға алдын ала кемінде 3 жұмыс күні бұрын ескерту жасағаннан кейін ғана, электр қуатын өшіре алады. Алайда, электр қуаты ескертусіз ажыратылыпты. Заңбұзушылық электр компаниясы тарапынан орын алғандықтан, дүкенге электр энергиясы кәсіпкерден өтемақы алынбай-ақ берілді. Барлық мәселе бір күн ішінде шешіліп, дүкен шығынға батпаған. Ал, кәсіпкер филиалға мәселені жедел шешкені үшін алғыс білдірді. «Мен енді  қандай да бір мәселе туындаса қайда бару қажет екенін білемін. Бұрын тексерушілер не айтса, соны орындайтынмын. Бірақ, олар қателіктерге жол беріп жатады екен. Алдағы уақытта, өзім қол қоятын келісімшарттарға мұқият боламын», – дейді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер