«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сіз көрмеген Қазақстан – фотокөрмеде

2016 жылғы 09 Желтоқсан
- Алматы қаласы
9409 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында «Мен Қазақстанды жақсы көремін» фотобайқауының жеңімпаздары марапатталды

Илья Афанасьевтің «Бозжыра шатқалы» фотосуреті фотокөрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен келгенқатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Биыл оны Қазақстан туралы экспозиция кезінде Луврдан келген қонақтар да тамашалады. Суретте Маңғышлақ түбегіндегі Үстірт қыратының батыс тұсы көрсетілген. Сол кезде фотографтар мен видеооператорлар тобы Маңғыстау облысына арнайы сапар жасаған еді. Илья Афанасьев әрбір қазақстандық өз туған жеріндегі осындай таңғажайып орындарды араласа екен деп тілейтінін жасырмады.

«Қазақстанда көрікті мекендер өте көп. Меніңше, шетелдік туристер үшін көрнекі жерлердің бір-бірінен едәуір алыс орналасқандығы біршама қиындық тудыратын сияқты, сондықтан туристік компаниялар бағдарларды дұрыс ұйымдастыру бойынша жұмыс істеулері қажет. Жолдар да жөнделсе екен деген тілегіміз бар. Кейбір жерлерге жету қиын. Қорғауға алынған аумақтарға кіруге рұқсаттар алу – бөлек проблема», – дейді фотограф Илья Афанасьев.

«Бозжыра шатқалы» фотосуреті республикалық «Мен Қазақстанды жақсы көремін» фотобайқауы жеңімпаздарының бірі атанды. Байқауды туған өлкеге саяхат жасауды насихаттау мақсатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Елордалық туризм қауымдастығы ұйымдастырды. Байқауға 98 үміткер 655 фотосурет жіберген.

Александр Власюктің «Almaty region field» жұмысы да жеңімпаздар қатарынан көрінді. Александр да кәсіби фотограф. Ол байқауға жіберілген суреттердің барлығы да таңдай қақтырарлық екенін атап өтті.

«Бұл сурет Алматыдан 60 шақырымдай жерде түсірілді. Мамыр айында көкнәр алаңын суретке түсіруге шықтым, екі-үш шақырымды жаяу аралап жүріп осы ағашты ұшыраттым. Мұндай байқаулар сапар шегуге ынталандырады. Суреттердің арасынан керемет жерлерді көзім шалып қалды, сол жерлерді өзім де суретке түсіргім келіп кетті, келешекте осы ойымды іске асыруды жоспарлап отырмын», – дейді Александр Власюк.

Қостанайдан келген студент Гүлнар Аңсағанованың «Балалық шақ» жұмысы мен Елена Чуйкованың «Piligrims» атты суреті де жеңімпаз атанды. Елена бірнеше жыл бұрын Өскеменнен Ригаға көшіп кеткен, алайда жердің шалғайлығы оған Facebook желісіндегі байқау парақшасында көп дауыс жинауына кедергі келтірмеді.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар: «Алматы Resort», «Оқжетпес» және «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешендеріне 2 адамға арналған 7 тәуліктік демалу жолдамаларын табыс етті. Илья Афанасьевке бас демеуші – «SCAT» әуе компаниясы Алматы-Сиянь-Алматы бағыты бойынша екі адамға арналған ұшақ жолдамасын сыйға тартты. Жолдаманы жеңімпаз бір жылдың ішінде пайдалана алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер