«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мердігер міндетті түрде отандық өндірушіні таңдаса

2016 жылғы 12 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
6017 просмотров

Мердігерлер отандық немесе шетелдік тауар өндірушілердің қайсысын таңдайды? Оны кім бақылауы тиіс?

Отандық өндірушілерді қолдау комиссиясының жиналысында осы мәселе талқыланды.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат Ысқақовтың пікірінше, өңдеу өндірісін толыққанды дамыту үшін өз өндірушілерімізді қорғауымыз керек және оны инвестициялық бюджеттік жобаның барлық кезеңін қамти отырып жүзеге асыру қажет. «Осы мақсатта Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілердің реестрін жасады. Жобаны жүзеге асырудың келесі кезеңдерінде бақылаудың жоқтығынан кейбір тапсырыс берушілердің салғырттығын байқауды жеңіп алған мердігерлер өз ыңғайына пайдаланып, өз қалауымен жобаға өзгерістер енгізіп, отандық тауарды импорт тауармен алмастырып жатады», – дейді Марат Ысқақов.

Мердігерлердің отандық тауар өндірушілер мен шетелдік тауар өндірушілердің қайсысын таңдайтынын, енді комиссия аясында құрылатын жұмыс тобы қадағалайтын болады. Жұмыс тобы құрылыс жобаларының құрамын, мекемелер мен өңірлік кәсіпорындардың жергілікті тауарларды сатып алу келісімшарттарын бақылап, оған қоса нарықтың сұранысын, ұсынысын және баға шартын талдайды. Бұл топ нақты мынадай міндеттерді атқаруы тиіс:

  • барлық байқауларда отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету;
  • жергілікті құрамды есепке ала отырып, Мемлекеттік сараптамамен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету;
  • нарықтың сұранысын зерттеу арқылы тауар өндірушілерді ұзақмерзімді жобаны жоспарлауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз ету;

Одан бөлек жиын барысында тендер өткізілгеннен кейінгі қадағалауды енгізу ұсынылды, оның тетігі жобалау болса, басқару тірегі – бағдарлама әкімшісі болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер