«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын және орта бизнес – экономика тірегі

2016 жылғы 15 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7912 просмотров

Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында бизнесмендер 25 жыл бұрын қолға алған істеріне қорытынды жасап, болашақ жоспарларымен бөлісуде

«Левин В.Д.» ЖК кәсіпорны тәуелсіз Қазақстанмен түйдей құрдас.

Еліміз сияқты компания да дамудың даңғыл жолымен жүріп өтті. Сонау 90-жылдары Владимир Левин қайыңнан жиһаз жасаумен айналысуға шешім қабылдайды. Өнім көлемі біртіндеп артып, бүгінде кәсіпорын ас үй үстелдерін, әткеншек-креслолар, орындықтың 15 түрін,  жұмсақ жиһаздар, балаларға арналған жиһаздар, қуыршақтарға арналған жиһаздар құрастырумен айналысады. Компания шағын цехтан заманауи жабдықтары бар ірі кәсіпорынға айналған. «Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан кәсіпкерлік саласында орасан зор экономикалық өзгерісті жүзеге асырды. Бұл – жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, валюталық тәуекелдерді азайту, кәсіпкерлердің әлеуетін арттыру және тағы басқа. Сондықтан бүгінгі таңда шағын және орта бизнес өкілдері бюджетке салмақты үлес қосып отыр. Бизнесті мемлекет тарапынан қолдау – еліміздің сауатты қаржылық саясатының көрсеткіші деп есептеймін», – дейді «Левин В.Д.» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Елена Левина.

Өндіріс көлемі жылына 143,9 млн теңгеге тең. Кәсіпорында өндірістің бес сатылы технологиясы қолданылады. Еңбек бөлінісі, конвейерлік әдіс пен әрбір кезеңде сапаны бақылап отыру жоғары сапалы өнім шығаруға және оны  тиімді бағаға өткізуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын иесінің қызы Елена Владимирқызының айтуынша, шағын және орта бизнес – бүкіл әлемдік экономиканы ұстап тұрған тірек. Сондықтан да Президент дәл осы секторға иек артып отыр. «Заманауи әлемдік нарықтарда болып жатқан жағдайлардың барлығы, бәсекелестік пен бақталастықтың артуы, азғантай қаржысы бар шағын және орта кәсіпкерлерге, күн сайын өзгеріп жатқан нарық жағдаяттарына тез әрі жеңіл бейімделуге мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстан шағын және орта кәсіпорындарға ерекше көңіл бөледі, түрлі жеңілдіктер мен субсидиялар ұсыну арқылы қолдау көрсетіп жатыр», – деді ол.

Кәсіпорын облыстық, өңірлік және халықаралық байқаулар мен көрмелерге жиі қатысып тұрады. 2014 жылы «Левин В.Д.» жеке кәсіпкерлігі республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің жеңімпазы атанды. «Үкіметтің еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған барлық күшін біріктіру үшін, Палатаның құрылуы уақыт талабы болды деп санаймын. Палатаның мемлекет пен бизнес арасындағы дау-дамайды шешу, заңнамалық органдарда шағын және орта бизнестің мүддесін қорғау, қазақстандық құрамды дамыту, түрлі түйіткілді мәселелерді жою сияқты қызметтері бизнестің жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік берді», – деп өз ойымен бөлісті Елена Левина.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер