«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Еңбекқор жандардың еңбегі еленді

2016 жылғы 15 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7753 просмотров

Қазақстан Тəуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Кəсіпкерлер палатасы облыс кəсіпкерлерін марапаттады

⁠⁠⁠Осы күндері елімізде қазіргі Қазақстанның қалыптасуына елеулі үлес қосқандардың барлығы алғыс хаттарға, мақтау қағаздары мен дипломдарға ие болып жатыр. Республика Тəуелсіздіктің 25 жылы ішінде зор жетістіктерге жетіп, оған бизнес өкілдері де үлкен үлес қосты. Бүгін Кəсіпкерлер палатасында үздік бизнесмендердің еңбектері елеп ескерілді.⁠

⁠⁠⁠Мысалы, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығынан үміткерлерге арналған байқауға белсенді қатысқаны үшін, «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың Алғыс хатымен «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, «Алекри фирмасы» ЖШС, «AVAGRO» ЖШС, Солтүстік Қазақстан кəсіптік-педагогикалық колледжі марапатталды.

⁠⁠⁠Облыс аудандарындағы кəсіпкерлерге кәсіби тәлім беруге бағытталған  «Жобалық оқыту» компонентін жүзеге асыруда ынтымақтастық танытқан «АБВГДейка» балаларды ерте жастан зияткерлік дамыту орталығының басшысы Ольга Жаркова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Ауыл шаруашылығы» кафедрасының доценті Ақан Жүнісов, «СҚО Отельерлері мен рестораторлар қауымдастығы» қоғамдық ұйымының төрағасы Сайран Хамзин  Кəсіпкерлер палатасының арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Облыстың қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін жəне əлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Солтүстік Қазақстан облысы əкімінің алғыс хатымен Алла Сокол, «Сокол» сауда кешені» ЖШС,  Иван Слипецкий марапатталды. Сонымен қатар кəсіпкерлік қызметтің дамуына үлес қосқаны үшін және өз ісіне адалдығы, кəсібилігі үшін 16 бизнес субьектісі СҚО Кəсіпкерлер палатасының алғыс хатын алды.

Бұдан өзге кездесуде биылғы жылдың қорытындысы жасалды. Мысалы, Палата мен оның бөлімшелеріне үш жылдың ішінде кəсіпкерлерден 10 355 өтініш келіп түскен, оның 5000-ы құқықтық сипатқа ие. Қаржылық тұрғыда айтсақ, өңірдегі кәсіпкерлердің 500 млн-нан астам теңгесі қорғалған. Кездесуді ашу келе, СҚО КП директорының орынбасары Марат Ысқақов Палатаның қызметі кəсіпкерлікті қолдауға жəне дамытуға бағытталғанын атап өтті.

«Біз Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы сияқты айтулы мереке қарсаңында жиналып кездесіп отырмыз. Палатаның негізгі міндеттерінің бірі – бизнес субьектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау. Сондай-ақ, кəсіпкерлердің жолындағы əкімшік кедергілерді жою. Бизнес өкілдерімен тиімді өзара ықпалдастық болмаса, Палата құрылғалы бері қол жеткізген жетістіктер осыншама табыс әкелмес еді», – деді ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер