«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлікті дамытуға қашықтықтар кедергі емес

2016 жылғы 20 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5547 просмотров

Шалғай аудандарда кәсіпкерлік негізін оқытатын факультативтер өз жұмысын бастады

«Бизнес-мектеп» жобасы аясында Уәлиханов ауданындағы 7-мектептің жоғары сынып оқушылары енді бизнесті жүргізу туралы білім ала алады. Жоба қазіргі жастардың бойында жаңа экономикалық сананы қалыптастыруға бағытталған. Яғни, балалар өзінің жекеменшік ісін ашу мүмкіндіктері мен бизнесті қолдау шарттары, кәсіпкерлік туралы білім алмақ.

Мұндай факультативтер шалғай аудандардағы 10 оқу орнында ашылды. Курстар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арнайы әзірлеген «Бизнес дәрістері» оқу құралы бойынша жүргізіліп жатыр. Жастарды кәсіпкерлік іске СҚО Кәсіпкерлер палатасы Уәлиханов аудандық филиалы жанындағы Сервистік қолдау және кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесші менеджерлері оқытуда. Менеджерлердің айтуынша бұл сабақтар шығармашылық тұрғыда өтеді. Курстарда тақырыптық слайдтар көрсетіледі, үлестірмелі материалдар ұсынылады, аудандағы кәсіпкерлер шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізеді. Балалар мұғалімдерімен бірігіп, бизнес жоспар жасайды. Оларды қызметкерлерді басқару және маркетинг, жарнама, менеджмент, кәсіпкерлік қызмет негізі бойынша тәжірибелік дағдыға үйретеді.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы Уәлиханов аудандық филиалының директоры Батырхан Ахметов, өз ісін ашуға ниетті кез келген жанға, ойға алған жобаларды іске асыруға барлық қажетті көмек көрсетілетінен атап өтті. «Қазір Қазақстандағы бизнесті дамыту және қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен бизнестік ортаны қолдауға арналған қолайлы шарттар жасалып жатыр. Өз кезегінде бизнес-сектор тарапынан да қайтарымдар бар, олар: жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын дамыту үшін, бюджеттік түсімді көбейту», – деді ол.

Келесі жылы жоба аясында шалғай елдімекендер мен ауылдардағы тұрғындарға да білім алуға мүмкіндік тумақ. Жоғарғы сынып оқушыларына арналған кәсіпкерлік негіздері және бизнесті жүргізу бойынша осыған ұқсас факультативтер өткізу үшін, ауыл-аймақтарға іссапарлар ұйымдастырылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер