«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлік негіздері оқытылуда

2016 жылғы 21 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7736 просмотров

Кәсіпкер палатасы филиалдарында жоғары сынып оқушылары мен студенттерге кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобалары сәтті жүзеге асырылып келеді

Айыртау ауданы колледждерінің бірінде «Әлеуметтік жаңару арқылы қуатты мемлекет пен ұйысқан ұлтқа айналу» атты тақырыпта студенттерге арналған семинар өтті.

Осылайша, жастарға семинар барысында ел дамуының негізгі құралдарының бірі саналатын – мемлекеттік жастар саясаты түсіндірілді. Дәріске қатысушылардың сөзіне қарағанда, мемлекеттік инвестиция жастар ісіне де көптеп жұмсалып жатыр. Сол себепті, жас буынның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуы ел алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі болып қала бермек.

Мамандықтары бойынша жұмыс жасап, өз кәсібін ашқысы келген студенттер «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасына ерекше қызуғышылық танытты. Айта кетейік, жоба жастардың кәсіпкерлік әрі инновациялық мүмкіндіктерін ашуды көздейді. «Оқушылар екі апта бойы бизнестың қыр-сырымен танысып, бизнестегі өздерінің алғашқы қадамдарын қалай жасау қажеттігі туралы білетін болады. Осы уақыт аралығында өз таңдауын дұрыс жасай білген жастар, гранттық байқауға қатысып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында несиелік кепілге ие болады», – деді Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Айыртау аудандық филиалының директоры.

Сол сияқты Кәсіпкерлер палатасының Қызылжар ауданы филиалы білім беру мекемелерімен бірге өткен жылдың жұмыстарын қорытындылауды бастап кетті. Осыған дейін мамандыққа бейімдеу мәселелеріне арналған 21 шара өткізіліпті. Олардың арасында мектеп оқушыларына арналған саяхаттар мен оқу тренингтері, кәсіпкерлік субъектілерімен кездесулер, ауылдық округтерде өткен көшпелі семинарлар да бар. Солардың бірі, жақында ғана гимназия оқушыларының «Бескөл сынақтық машина құрастыру зауыты» ЖШС кәсіпорнына жасаған саяхаты. Онда оқушыларға аудандағы жалғыз машина құрастыру кәсіпорны болып саналатын зауыт қызметі таныстырылды. Мұнда бетон араластырғыш торап, діңгекті көтергіштер, жылу калорифертері шығарылып, газ шығару үлгісі бойынша метал құю ісі жолға қойылған. Аталған шаралардың басты мақсаты – мектеп оқушыларын жұмысшы мамандықтармен таныстыру дейді ұйымдастырушылар. Оқушылар «БЭМЗ» ЖШС-да инженер-құрастырушы, құюшы, дәнекерлеуші, қырнаушы және әктеуші мамандықтарының құпияларымен танысты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер