«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылшаруашылық кооперативтерінің пайдалы жақтары қандай?

2016 жылғы 22 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
8440 просмотров

Ауыл адамдарына ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне (АӨК) біріккен несімен пайдалы? Шал ақын ауданы «Жалтыр» ауылының тұрғындары «Жан 2020» АӨК басшысына осындай сауал қойды

Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне мүше болған дұрыс па деген мәселе ауыл тұрғындарының ортақ жиынында талқыланды. Ауылда құрылған «Жан 2020» АӨК басшысымен кездесуге жергілікті тұрғындардың бәрі келді. «АӨК басшысы әрбір буаз ірі қара малы үшін субсидия алады, сол ақшамен бақташылардың айлығын береді, қорада байлауда тұрған бұқалардың қыстық жем-шөбін даярлайды, оларды күтіп-бағатын жұмысшыларды жалдайды. Екі жылдан кейін бұқаларды сатады немесе ет комбинатына өткізіп жібереді. Сонда мына біздерге, мал иелеріне одан қандай пайда?», – дейді ауыл тұрғындары.

АӨК басшысы Ержан Нұрғалиевтің айтуынша, мал иелері бұдан көп пайда табады. Ең алдымен мал табыны жасарып, тұқым асылданады, сүт көлемі ұлғайып, ауылшаруашылық өнімдерін сатуға мүмкіндік туады. «Мал иелері бұқалары мен сиырларын баққаным үшін ештеңе төлемейді. Келесі жылы сиырлар бұзаулаған кезде, Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мен ауылшаруашылық бөлімі арасындағы келісім бойынша, «Ірі қараның экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында салмағы 160 келіден асқан бұқаларды ет комбинаттарына өткіземіз немесе бордақылау алаңдарына нарықтық бағамен делдалсыз сатамыз», – деп түсіндірді кооператив басшысы. Оның айтуынша, АӨК жұмысы енді басталған, әзірге нақты нәтиже мен кірістің сомасы туралы айту ертерек, оны біраз уақыт өткеннен кейін саралаған жөн. «Бүгінгі таңда АӨК құру – ауылдықтар үшін де, облыс пен  ел экономикасы үшін де пайдалы іс», – дейді фермер.

Жаңа бағыттағы бастаманы өзге округтердегі ауыл тұрғындары да қолдап жатыр дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Мұхаметжан Жақсыбаев. Бүгінгі таңда ауданда 26 кооператив бар. «2016 жылы ҚР «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» жаңа заңы күшіне енді, жаңадан іс бастаған кәсіпкерлердің АӨК-ті қайта тіркеу бойынша құқықтық білімдері жетіспей жатады. Ауылдықтар барлық проблемаларын айтып, біздің филиалға келді. Аудандық Әділет басқармасымен бірлесе отырып семинар өткізіп, қайта тіркеудің жай-жапсарын түсіндірдік», – дейді Мұхаметжан Жақсыбаев.

Аудандағы көптеген АӨК қайта тіркеуден өтті, олардың арасында «Жан 2020» АӨК те бар. АӨК басшысы мен СҚО Кәсіпкерлер палатасы филиалы директорының сөздері ауыл тұрғындарына ой салды. Ержан Нұрғалиев ауылдастары барлық артықшылықтарды ескере келе, бастамаға қолдау көрсететініне сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер