«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл шаруашылығы саласында маман тапшы

2017 жылғы 09 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
8319 просмотров

Еліміздің солтүстік өңір экономикасының қай секторында маман тапшы және мәселені шешу мақсатында қандай шаралар қолға алынуда? Аталған мәселелер төңірегінде адам капиталын дамыту бөлімі қызметкерлері ой қозғады

Осымен екі жыл қатарынан СҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындар арасында мамандар сұранысына қатысты сауалнама жүргізіп келеді. Осылайша 2016 жылы сауалнамаға 223 компания қатысқан. Нәтижесінде агроөнеркәсіп кешені саласында мамандар жетіспейтіні анықталған. Бүгінде аталған саладағы мамандар тапшылығы  62%-ды құрап отыр. Бұл ретте, өңірдің мамандарға деген сұранысындағы білім үлесі бар-жоғы 11%-ға тең. Мәселені оңтайлы шешу мақсатында, СҚО Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдар және ұйымдармен бірлесе отырып, Дуальдық оқытудың жол картасын жүзеге асыруда. Осылайша, 2500-ге жуық студенттің қатысуымен, Палата мен колледждер, кәсіпорындар арасында 85 үш жақты келісімшатқа қол қойылған. «Бізге әкімдікпен бірге, 12 кәсіптік және техникалық білім беру мекемелеріндегі 22 кәсіпорынға қамқорлық көрсету жүктелген.  Сонымен бірге, кластерлік қамқорлыққа алу жүйесі енгізілуде. 2 және 3 курс студенттері ақылы кәсіптік тәжірибеден өіп жатыр. Қазіргі таңда, базасында университет кафедрасының бөлімдері ашылатын кәсіпорындар тізімі жасалуда. СҚО Кәсіпкерлер палатасы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен аталған кәсіпорындар арасында дуальдық білім беруге қатысты келісімшарттарға қол қойылады. Бұл өз кезегінде, жоғарғы оқу орнының тапсырыс берушілермен тығыз байланыс орнатуына, оқу барысында болашақ мамандардан талап етілетін талаптарды ескеруге жол ашады», – деді СҚО КП адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Владимир Литвиненко.

Айта кетерлігі, кәсіпкерлер аталған мәселе бойынша Палатамен бірге тығыз жұмыс жасап келеді. Оған дәлел, кәсіптік және техникалық білімі бар мамандарға мемлекеттік тапсырыс көлемінің жыл санап артқан. Осылайша, аталған көрсеткіш биылғы оқу жылында былтырғы жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан. «Кәсіпорындарға қызметкерлер мен техникалық-кәсіптік білімі бар студенттерді ұсыну мақсатында, 6 оқу орталығы ашылды. Оларға тамақ саласы және құрылыс индустриясы мамандықтары бойынша ресурстық орталықтар мен автокөлік жүргізушілері, шаруалар мен машина құрастыру саласы мамандарының біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлаудан өткізу орталықтары жатады. Жалпы, орталықтарда қайта даярлаудан өтіп, білімі мен біліктілігін арттырған адамдар саны – 3030», – деді Владимир Литвиненко.

Ендігі бағыт кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстарын қолға алу, дейді Владимир Литвиненко. Ол қасаң қағиданы бұзып, техникалық білімге деген қызығушылықты ояту – оңай жұмыс емес екенін айтады.  Десе де, бұл мәселелер аталған 2 орталық пен жалпы білім беретін мектептер жанынан ашылған 140 кабинетте қарастырылады екен. Ал, өскелең ұрпақты жұмысшы мамандықтарға баулу мақсатында, Палата бірқатар ауқымды шараларды қолға алған. Осылайша, 2016 жылы 2000-ға жуық кәсіптік бағыт-бағдар беру шаралары өткізілген екен. Олардың қатарында 802 саяхат жасау шаралары да бар. Нәтижесінде 13 000-ға жуық адам аталған шараларға қатысып, 25 000 мектеп оқушысына дәріс оқылған. Ал бизнес субъектілері, кәсіптік-техникалық білім беру орындары мен жоғарғы оқу орындары өкілдері және бизнес субъектілері семинарлар өткізген. Бұдан бөлек, бизнес-мектептер де өз жұмысын жалғастырып келеді. 2016 жылы жалпы 430 адам аталған оқу бағдарламаларын тәмамдаған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер