«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын кәсіпке үлкен қолдау

2017 жылғы 11 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
5852 просмотров

Жыл басынан бері Мамлют ауданында көрпе-жастықтарды қалпына келтіретін цех өз жұмысын бастады

Мамлют қаласының кәсіпкері үшін биылғы жыл арманын іске асырумен басталды. Юлия Хайрутдинова мамық салынған өнімдерді қайта қалпына келтіретін жеке цехты іске қосты. Бұл идея оған 2014 жылы «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқып жүргенде келген, бірақ енді ғана жүзеге асып отыр. Оған Кәсіпкерлер палатасының филиалы көмек берді. «Жеке бизнеспен 2011 жылдан бері айналысып келемін. Тоқыма өнімдерін сатудан бастадым. Ауыр заттарды ұйымдарды аралап сатқанымды еске алудың өзі қорқынышты, оның үстіне жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген едім. Келесі жылы барлығын өзгерту қажет деп шештім де, павильоннан кішігірім орынды жалға алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім», – деп өткенді есіне алады Юлия Хайрутдинова.

«Бизнесім жанданып сала берді, сосын оны кеңейтуді ойлай бастадым. 2014 жылы Палатаның филиалы ашылғандығы туралы біліп, сонда көмек сұрай бардым. Маған бизнесімді дамытуға қаржы жетпей тұр еді. Ол жақта мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен таныстым, мамандармен бірлесе отырып, көптеген жобаларды қарастырдық», – дейді бизнес-ханым.

2016 жылы Юлия «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын қолданып көруді ұйғарды. Жобаны СҚО Кәсіпкерлер палатасы Мамлют аудандық филиалының мамандары сүйемелдеді. Жобаның сомасы 1 млн 400 мың теңге болды. Қаржының басым бөлігі цехқа арналған жоғары санатты құрал-жабдық сатып алуға кетті. Сонымен қатар бизнес-ханым көрпе-жастықтарды қайта қалпына келтіруге қажетті 2 тігін машинасы мен маталар сатып алып, қосымша бір жұмыс орнын ашты.

«Мен үшін Палатаның филиалы екінші үйімдей болып кетті, қандай мәселе кездессе де, сонда барамын. Маған қысқа ғана уақыттың ішінде толық құжаттар пакетін әзірлеуге көмек берді, бір ай өткен соң несие алдым. Филиалға алғысымды білдіремін, кәсіпкерлерді қолдайтынына сенемін, бизнесімді кеңейту үшін келесі жылы да грантты пайдаланғым келеді», – деп жоспарымен бөлісті кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер