«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Неке куәлігін сұрату қаншалықты қисынды?

2017 жылғы 16 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
6693 просмотров

Тимирязев ауданының кәсіпкерлері өңірлік Кәсіпкерлер палатасының филиалы мен прокуратура басшылары қатысқан кездесуде, көкейлерінде жүрген мәселелерін ортаға салып, заңнаманың жекелеген нормаларын түсіндіріп берулерін сұрады

Ауыл кәсіпкерлеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және мәміле жасауға қатысты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін алу барысында туындайтын мәселелер туралы кеңес берілді.

ӨКП филиалының директоры Александр Гурьянов «Джунусов Н.Т.» шаруа қожалығы мен «Тем-Лан СК» ЖШС Тимирязев ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгіну кезінде тап болған бірқатар келеңсіздіктер туралы айтты. Мәселен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері құқықты куәландыратын құжаттардың нотариус растаған артық көшірмелері мен бірде-бір нормативтік-құқықтық акті арқылы регламенттелмеген неке туралы куәлікті талап еткен.

Аудан прокуроры Т.Мусин анықталған деректер кәсіпкерлік қызметті жүргізуді қиындатып жіберетінін растады. Ол Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің әрекеті прокурорлық тексеру жүргізуге негіз бола алатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ кездесу барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге, шаруа қожалықтарының жер пайдалану құқықтарын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беруге, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қайта тіркеуге, сондай-ақ бизнес жүргізудегі өзекті мәселелерге қатысты құжаттарды ұсыну тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Бұл мәселені қозғауға себеп болған – «Сев.Агро-Plus» ЖШС-ның арызы. Айта кетелігі, мұндай жағдайлар Тимирязев ауданында ғана болып жатқан жоқ.

Дөңгелек үстел барысында қызмет алгоротимі дайындалды, ол өзекті мәселелерді реттеуге, жер комиссиясы мен әділет органдарының жұмысын жүйелендіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Сев.Агро-Plus» ЖШС-на кіруіне байланысты, шаруа қожалығының жерді пайдалану құқықтарын тіркеуді тоқтату жөніндегі әділет органдары тарапынан шығарылған шешімінің заңдылығына қатысты мәселе бақылауға алынды.

Филиал директоры Александр Гурьяновтың айтуынша, мұндай шараларға қатысушылар санының артуы – бизнесмендердің Палата филиалы өткізіп отыратын осындай кездесулерге қызығушылық танытуының дәлелі. Сондай-ақ мұндай жиындар бизнес пен прокуратура органдарының ауыл бизнесінің мүддесін қорғауға бағытталған өнімді әрі  тең құқылы сұхбатын көрсетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер