«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскерлік бастама қолдаусыз қалмайды

2017 жылғы 18 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
8966 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының филиалдары қолдау сұрап жүгінген кәсіпкерлер арасында мониторинг жүргізіп жатыр

Мысалы, М.Жұмабаев ауданының филиалына жиі келіп, ондағы шараларға үнемі қатысып отыратын кәсіпкерлердің бірі – «Ақмол Нан» ЖК басшысы Назарбай Қалиев.

Н.Қалиев – «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы. Ол мал шаруашылығын дамыту үшін шағын несие алған. 2016 жылдың қарашасында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Іскерлік байланыс» жобасын іске асыруға бағытталған экономика саласындағы басқарушы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша оқудан өткен.

2017 жыл бастала сала, Н.Қалиев Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңес берушісі О.Жұмабековпен бірге «Сүтті бағыттағы ешкі шаруашылығын дамыту жөніндегі шағын ферма» тақырыбында бизнес-жоспар әзірлеген. Өйткені ауданда бизнестің бұл бағыты тың кәсіп болып саналады. Н.Қалиевтің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 млн теңге көлемінде грант ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Шағын ферманың негізгі өнімі – жарамдылық мерзімі 10 күннен аспайтын пастерленген сүт. Ешкі өсірумен айналысатын шағын ферманың тұтынушылары Петропавл қаласы мен аудандарының, таяу маңдағы елдімекендердің тұрғындары болмақ.

«Ақмол нан» ЖК алдағы уақытта ешкі сүті өнімдерін өндіретін жəне сататын цех ашуды жоспарлап отыр. Сауын көлемі артса, жаңа өндіріс орындарын ашуға тура келеді, ал бұл, өз кезегінде, сүт өндірісін мол пайдаға кенелтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек. Сүт-тауарлық фермасында жасалған тағамдық өнімдер «GOAT MILK» сауда маркасымен шығарылатын болады. Ұзақ уақыт сақталатын сүт өндірісі жəне сыр, брынза, ірімшік, сүзбе, йогурт және тағы басқа өнімдер шығаратын өндірістік желі орнату жоспарланып отыр.

«Өз ісімді аша отырып, мен ешкі шаруашылығының болашағы зор екенін үлкен сеніммен айта аламын. Сонымен бірге, дәл осы сүтті бағыттың рентабельділігі жоғары екенін тілге тиек еткім келеді. Тек қолдау керек және осы бойынша еңбектену керек», – дейді Н.Қалиев. Сонымен қатар кәсіпкер бұл өнімдердің халық арасындағы танымалдылығы артып келе жатқанына жəне мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкерлерге бизнес-идеясын іске асыру үшін грант бөлінетініне қуаныш білдірді.

Ауыл кәсіпкерлері өз бастамаларының Палата филиалдары тарапынан қолдау табатынына сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер