«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын несие – шалғайдағы шаруаларға

2017 жылғы 19 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
6930 просмотров

Облыс орталықтарынан шалғай аудандардағы кәсіпкерлік бастамаларға ерекше қолдау көрсету керек

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының (КҚО) Уәлиханов аудандық филиалының кеңесшілері осындай пікірде. Палата филиалына Жақсылық Құсайынов атты шаруа келіп, мал шаруашылығымен айналысқысы келетінін айтқан. Ол бұған дейін жанұясымен бірге сауда саласында бизнес жүргізген екен.

Өз бизнесін кеңейтуді көздеген кәсіпкер КҚО-ға келіп, бірінші кезекте қандай мемлекеттік бағдарламаны пайдалану керектігін, мал шаруашылығын неден бастау қажеттігін сұраған. Кәсіпкерді мұқият тыңдаған КҚО кеңесшілері, оған «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуға кеңес береді. Олар Ж.Құсайыновқа қажетті құжаттар пакетін жинауға көмек көрсетіп, жобаны ары қарай сүйемелдеді. Бұған дейін кәсіпкер «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында білім алған еді, онысы несие алуға қажет құжаттар ұсынғанда үлкен сеп болды.

Бизнес субъектісі мен Палата филиалының бірлескен күш-жігерінің арқасында, жеке кәсіпкер ірі қара мал сатып алу үшін, 3 миллион теңге көлеміндегі микронесиеге қол жеткізді. Әзірге жаңа жұмыс орны көп емес, дегенмен алдағы уақытта мал басы артып, шаруашылық базасы ұлғайса, жұмыс орындары да көптеп ашылмақ.

Кәсіпкер өндіретін өнімдер, оның ішінде мәрмәр ет аудан тұрғындары арасында кең сұранысқа ие.

Филиал директоры Батырхан Ахметов Жақсылық Құсайыновтың кәсіпкерлік бастамасына қолдау білдіре отырып, оған ағымдағы жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агробіліктілік орталығы ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдаланып қалуға кеңес берді.

Жақсылық Құсайынов болашаққа сеніммен қарайды. «Мал шаруашылығы ежелден ауыл шаруашылығының маңызды саласы болып саналады, сондықтан біз, яғни ауыл кәсіпкерлері осы саланы ары қарай дамытып, өркендете беруге тиістіміз. Оның үстінен мемлекет осы бағытқа белсенді қолдау көрсетіп отыр», – дейді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер