«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерге көмек – басты міндет

2017 жылғы 19 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
6814 просмотров

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 14 кәсіпкері жылжымайтын мүлік нысандарын жекешелендіру және заңдастыру мәселесі бойынша аудандық филиалдан қаржылық емес қолдау сұрады

«Жарық» ЖШС директоры Мұрат Нұғманов мүліктік кешенді жекешелендіру үшін, Палата филиалына жүгінген. Кәсіпкер 16 жыл бойы құжаттарын рәсімдей алмай жүр екен. Менеджер-кеңесші А.Әділов оған ақыл-кеңес беріп, құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетті. Осылайша Солтүстік Қазақстан облысынан 16 жыл бұрынғы сот актілерінің көшірмелері алынып, олар ЖШС-нің құқығын қорғау үшін, қажетті құжаттар пакетіне енгізілді. Осылайша, филиал кәсіпкермен бірге тиісті құжаттарды даярлап, арыз толтырып, ең бастысы ЖШС мүддесін сотқа жеткізді.

Арнайы ауданаралық экономикалық сот «Жарық» ЖШС талабын қанағаттандырды. Кәсіпкердің жылжымайтын мүлік кешеніне иелік ету құқығы қайтарылды.

Әрі қарай, аталған жылжымайтын мүлік кешенін тіркеу үшін,  құжаттар дайындауға көмек көрсетілді. Сондай-ақ осы оқиғалар кәсіпкердің денсаулығына зиян тигізгендіктен, ол тағы да арыз жазып, төлемақы талап етті. Сөйтіп, Палата филиалының көмегімен кәсіпкердің 24 млн теңгеден астам мүддесі қорғалды.

«Палата филиалының қызметкерлеріне сапалы және кәсіби көмегі үшін алғыс айтқым келеді. Енді мен проблема туындаса, қайда барып көмек сұрау керектігін білемін», – деп жүрекжарды пікірімен бөлісті «Жарық ЖШС» директоры Мұрат Нұғманов.

Жеке кәсіпкер Павел Ищенко бір жылдары ешқандай органнан рұқсат алмай, өзінің меншігіндегі жер теліміне мал бордақылайтын цех салған еді. Енді ол цехты құқықтық тұрғыдан бекітіп, заңдастыру үшін, Палатаға жүгінді.  Ондағы қызметкерлер кәсіпкерге сот отырысына қажет құжаттарды дайындауға жан-жақты көмек көрсетті. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектісі атынан арыз-шағым толтырылды. Оның шағымы қанағаттандырылып, мүлік Ищенко П.М. жеке кәсіпкерлігі атына тіркелді. Кәсіпкерге 1,5 млн теңге шамасында қаржылай емес көмек көрсетілді.

2015-5016 жылдар аралығында, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық филиал кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жалпы сомасы 65 млн теңгеден астам мүліктік құқығын қорғады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер