«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бау-бақшасын жайқалтқан

2017 жылғы 23 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
7339 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының филиалы ауылдық елдімекендердегі кәсіпкерлердің назарын «Гранттық қаржыландыру» бағдарламасына аударуға шақырады

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарындағы білікті кеңесшілердің жоғарыдағы бағдарламаларды зерделеуі, ауылдық елді мекендерде әртүрлі бағыттағы бизнес-идеялардың пайда болуына әкеледі. Гранттық қаржыландырудың басты артықшылығы сол – ол кәсіпкерлерге несие ұйымдарының қызметіне жүгінбей, қарызға батпай өз істерін бастауға мүмкіндік береді.

Айыртау ауданының тұрғыны Лидия Шереметтің кәсібі мұндай қаржылық қолдаудың тиімді екенін көрсетті. Ол жан-жақты кеңес алғаннан кейін, мемлекет ұсынған көмекке қол жеткізу үшін, байқауға қатысты.

Л.Шеремет ұзақ жылдардан бері өзінің бау-бақшасында жеміс-жидек өсіріп келеді. Енді ол кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнесін бұрынғыдан да үлкейткісі келді.

Консультанттар «Шеремет» шаруа қожалығын ашуға, оған «Гранттық қаржыландыру» байқауына қатысу үшін құжаттар жинауға көмектесті.

Бүгінгі таңда «Шеремет» ШҚ байқау қорытындысы бойынша оң көрсеткішке ие болды. Лидия Шеремет 1 млн 100 мың теңгелік грантқа қол жеткізіп, жалпы көлемі 10 гектар болатын жер телімін жалға алды.

Жақын арада кәсіпкер «Өнімді жұмыс пен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына, «Бастау Бизнес» жобасына қатысуды жоспарлап отыр.

Айыртау – облыстағы туристік бағытта дамып келе жатқан аудандардың бірі. Сондықтан, мұнда экологиялық таза өнімдерге сұраныс көп.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер