«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тебіндей жайылған жануар бақпақ

2017 жылғы 01 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
10179 просмотров

Шаруалар Президенттің аграрлық ғылыми зерттеулерге көптеп инвестиция тарту туралы ұсынысын қолдайды

Қызылжар ауданындағы «Әлем НБ» ЖШС астық өсірумен айналысады. Олар асыл тұқымды будандастыру жұмыстарының оңай емес екенін білсе де, болашаққа сеніммен қарайды. Жақында серіктестік мемлекеттік қолдаудың арқасында 10 млн теңге көлемінде несие алып, жылқы табынын сатып алды.

«Біз шамамен бір ай бұрын жергілікті шаруадан бір үйір жылқы сатып алып,  оларды асылдандырумен шындап айналыса бастадық. Себебі бізге бұл шаруашылық өте ерекше көрінді. Біртіндеп нарыққа да шықпақпыз. Жуырда тағы үш айғыр алып, жылқылардың генетикасын одан әрі жақсартқалы отырмыз. Асыл тұқымды жылқыны шетелден емес, тек Қазақстаннан сатып алмақпыз», – дейді мал маманы Исен Сәрсекеев.

Кәсіпорын қызметкерінің сөзінше, жылқы шаруашылығының басты артықшылығы – олар тебіндеген күйі ұзақ жайылады. «Жылқылар қараша-желтоқсан айларына дейін жайылымда жүреді. Оларды жылына тек 2-3 ай ғана қорада ұстап, қолдан жем береміз», – дейді ол.

Серіктестік бірінші рет несие алып отырғандықтан, ай сайынғы төлем кәсіпкерді аздап қобалжытып отыр. «Табыс түспей жатып несие төлеу оңай емес. Біз жылқы шаруашылығынан 5 жыл өткен соң ғана пайда түсіреміз. Несиені астық шаруашылығынан түскен қаржымен жаппақпыз. Кез-келген шаруа сияқты біз де жерге, табиғатқа, күн райына қараймыз», – деп өз ойымен бөлісті Исен Сәрсекеев.

Президенттің шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында, Кәсіпкерлер палатасының Қызылжар аудандық филиалы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау жөнінде белсенді жұмыстар жүргізіп келеді.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамтуды жол картасы-2020» бағдарламалары аясында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау мен бизнестің дамуына қатысты 930 кеңес, ал құқықтық мәселелерге қатысты 200 кеңес берілді. Филиал қызметкерлерінің мұрындық болуымен жалпы сомасы 37,9 млн теңгеге тең 11 жоба жүзеге асырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер