«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Ақылды» экономика кемел келешекке жетелейді

2017 жылғы 09 Ақпан
- Ақтөбе облысы
7746 просмотров

«Smart Group Kazakhstan» бас директоры Ұлықпан Есенғұлов заманынан қалыспай қадам басу әрі даму идеясы Елбасы Жолдауында анық айтылған дейді 

«Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының арқасында күрделі жаһандық жаңғырудың алғашқы кезеңіне абыроймен өтіп келеміз. Әлемде жағдай қарқынды өзгеруде. Бұл жаңа жаһандық шындық, біз оны қабылдауымыз керек. Әлемде, кезекті Төртінші өндірістік революция басталып кетті. Біз жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептер базасында ғылыми және инновациялық әлеуетімізді арттыруымыз керек», – деп пікір білдірді ақтөбелік кәсіпкер, – Құрылыс саласында инновация лайықты деңгейде қолданылмайтынын айтқым келеді, әлі күнге дейін тұрғын үйлер, ғимараттар біздің әкелеріміз бен аталарымыз салған әдіспен салынуда. Елбасы айтқандай, біз ғимараттарды әлемдік стандартқа сай етіп салуымыз керек».

Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттілігін көрсетіп отыр. Ол отандық экономиканың нағыз драйверіне айналуы керек. Біз жолға, тұрғын үйге, және басқа да инфрақұрылымдарға инвестиция сала отырып, қалаларымыздың келешектегі физикалық және техникалық көркін анықтаймыз. Сондықтан да құрылыста да, құрылыс материалдарының өнідірісінде де жаңа технология трансфертін қамтамасыз еткеніміз жөн. Ол үшін бізде жақсы мүмкіндіктер бар.

«Біздің «Smart Group Kazakhstan» компаниямыз «ақылды үй», «жасыл энергетика», «заманауи электрика» және «мәліметтерді автоматтандыру» жүйелерін енгізумен айналысады. Елді дамытудың үшінші кезеңіне өту арқылы, біздің қызметімізге сұраныс арта түседі деп сенгіміз келеді. Себебі, біз осы тоғыз жыл бойы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға аталған технологияларды енгізуге тырысып келеміз. Бұл жерде Төртінші өндірістік революцияның элементтерін жаппай енгізу негізгі факторға айналу керек. Бұл автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу және тағы басқалары», – дейді бизнесмен.

Кәсіпкер автоматтандыру мен тапсырмаларды басқарудың заманауи жүйесін енгізу бойынша кәсіпорындарды ынталандыру жолымен шаралар қабылдау қажеттілігінің уақыты келгеніне сенімді. Әсіресе, бұл энергетика, көлік және логистика, сонымен қатар үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты.

«Мемлекет құруда бірегей әрі бай тәжірибені жинақтай отырып, біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Халымыздың кез келген қиыншылыққа төтеп беретін қарқыны бар. Біздің басты күшіміз – елді бірлігінде», – деп аяқтады Ұлықпан Есенғұлов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер