«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сот кәсіпкер пайдасына шешім шығарды

2017 жылғы 24 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
4600 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Ғ.Мүсірепов ауданы бөлімінің мамандары кәсіпкерге шамамен 11 миллион теңгені сақтап қалуға көмектесті

Палата филиалына кәсіпкер Николай Гурин бизнесінде туындаған мәселемен жүгінген. Ол ұзақ жылдар бойы жүк тасымалдаумен айналысады. Бірнеше жыл бұрын кәсіпкер қойма салған, алайда одан тиісті деңгейде ресімдемеген екен. Басында құжаттармен жүгіретіндей уақыт болмаған, ал кейіннен тіпті ұмытылып қалыптықалған. Николай Гуриннің бұл қателігін жөндеу үшін Палата заңгерлерінің көмегі керек болды, себебі мүлікті заңдастыруға мақұлданбаған.

Кеңесші-менеджер Ақторғай Әділова тиісті кеңес беріп, өз еркімен жылжымайтын мүлік салғаны үшін кәсіпкердің алдағы уақытта құқығын қорғауға қажет болатын құжаттарды рәсімдеуге жәрдеместі. Осылайша, филиал сотқа қажетті құжаттар пакетін дайындады.  Талап арыз беруге және бизнесменнің мүддесін сотта қорғауға көмек көрсетілді. Николай Гуриннің талап арызы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта қанағаттандырылды. Өз еркімен салынған нысан бойынша мүлік құқығына қатысты сот шешімі бизнесменнің пайдасына шешілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 10 720 000 теңге сомасында кәсіпкердің мүліктік құқығы қорғалды.

Николай Гурин бұған дейін де Палата бөлімшесіне көмек сұрап жүгінген болатын. Ол кезде бизнес-жоспар құруға және «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы бойынша несие алу үшін құжат жинауға көмек көрсетілген. 3 000 000 теңге көлемінде несие алып, өз кәсіпібін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Кәсіпкер филал қызметкерлерінің жедел көмек көрсеткендері үшін алғысын білдіргісі келген. Маман Ақторғай Әділоваға өз атынан алғыс хат табыс етті


Еншілес ұйымдар

Серіктестер