«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

WorldSkills Kazakhstan студенттерге мүмкіндік сыйлайды

2017 жылғы 06 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
9872 просмотров

Қазылар алқасы 10 бағыт бойынша үздік шеберлерді анықтады

Өңірде WorldSkills Kazakhstan байқауы екінші рет өткізіліп жатыр.  Биыл байқау ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналып отыр. Ең үздік шебер атауына күресіп, өзінің кәсібилігін әрі замануи инновациялық технологиялармен құрылған құрал-жабдықтарда жұмыс істеу деңгейін көрсетуге 60-тан астан конкурсант келді.

Үш алаңда қатарынан дәнекерлеушілер, тас қалаушылар, шаштараздар, аспаздар, желі және жүйе әкімшілері, веб-дизайнерлер, электромонтерлер, механиктер мен сылақшылар өз өнерлерін ортаға салды.  Конкурсанттар болып колледждер мен қала мен аудан кәсіпорындарының жас мамандары қатысты.

Қатысушылардың шеберлігін 27 сарапшы қадағалап, бағалады. Олардың ішінде Қазақстанда WorldSkills бойынша тіркецден өткен жалғыз маман Иван Слипецкий бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша жастарды аталған мамандықтарға баулу үшін осындай байқаулар қажет. Оқу ордалары кәсіпорындармен кадр дайындау бойынша келісімдер жасайды. Студенттер үшін кәсіби деңгейін көтеруге, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік сыйласа, әлеуметтік әріптестер үшін компанияларына талантты, жоғары кәсіби  қызметкерлерді таңдай алады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар тұратын құрама жасақталады, бұл құрама Астанада өтетін байқаудың республикалық кезеңде облыс намысын қорғайтын болады. Егер құарам команда республикалық кезеңде жеңіске жетсе, WorldSkills-тың Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін халықаралық байқуына жолдама алады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер