«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлеуметтік серіктестіктің жаңа белесі

2017 жылғы 13 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
9603 просмотров

Әлеуметтік серіктестікті жүзеге асырудың Жол картасына қол қойылды

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті әлеуметтік серіктестікті жүзеге асырудың Жол картасына қол қойды

Бизнес өкілдері мен білім беру саласының қызметкерлері «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен СҚО кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік серіктестігі» атты дөңгелек үстелге белсенді қатысты.

Кездесу барысында кәсіби стандартарға негізделген оқу бағдарламаларын дайындау, дуальді оқыту элементтерін жүзеге асыру, кәсіби тәжірибе өткізу мен кәсіпкерлік білім беруді дамыту мәселелері қаралды.

Кәсіби дайындалған, практикалық машығы жоғары жас мамандарды алуға қызығушылық танытып отырған өңірлік бизнес-қоғамдастық үшін бұл мәселелердің маңызы зор.

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының өкілі Владимир Литвиненко болашақ кәсіби маманға қойылатын талапқа назар аударды – ұжымдасып жұмыс істей білу, жобалық режимде жұмыс істей білу, маңызды ақпарат табу әрі оны қолдану, кәсіби және жеке бас тұрғысынан өзгеруге қабілетті болу.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Наталья Побежук кәсіби тәжірибеден өткізу мен түлектерді жұмысқа орналастыруда сапалы маман дайындау үшін кәсіпкерлердің жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры әлеуметтік серіктестікті жүзеге асырудың Жол картасына қол қойды.

Келешкете Палатаны, университет пен бизнестің мүдделі субъектілерін ауқымды жұмыс күтіп тұр: өңірлік еңбек нарығының ақиқатын есепке ала отырып білім беру бағдарламаларын дайындау және басқару, кәсіпкерлік білім беруді жүзеге асыру, кәсіпорындардың инженерлік-техникалық жұмыскерлері мен колледждердің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, мектеп оқушылары мен колледж түлектеріне нәтижелі кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу және т.б.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер