«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер екібастұздықтарға ерекше сый жасады

2017 жылғы 04 Мамыр
- Павлодар облысы
6336 просмотров

Үш атты композиция қаланың көркін кіргізеді 

«Кәсіпкерліктің әлеуметтік маңыздылығы да болуы шарт, оның бірі – қайырымдылықпен айналасу», – дейді «Эмирэйт» ЖШС директоры, Екібастұз қалалық маслихаты депутаты, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі мүшесі Мирхат Мұсанап.

Сүйікті қаласынының мерейтойына кәсіпкер «Табын» атты композицияны сыйға тартты. Мирхат Мұсанаптың айтуынша әзірге алаңға тек бір ғана жылқы мүсіні орнатылған, кейін оның қасына үлкен жылқы мен құлын қосылады. Бұл ерекше композиця әсіресе түнде жақсы көрінетін болады, өйткені «Табын» арнайы жарық құралдарымен жабдықталады. Сондай-ақ, кәсіпкер аталмыш композицияны тағы екі жылқымен толтырмақшы, олардың тек орнын ғана белгілеу қалды.

Айта кетелік, кәсіпкердің бұл қалалықтарға арналаған бірінші сыйы емес. Былтыр кәсіпкердің күшімен екібастұздақтар жақсы көретін «Сити-мол» сауда орталығы жанында «Мен Екібастұзды сүйемін» инсталляциясы орнатылған болатын.

 

 

 

Мирхат Мұсанап кәсіпкерліктен басқа өңірдегі бизнес ортаны   дамыту қолдау жұмысына белсенді атсалысады. Шебер   басқарушы көмір мен теміржол өнімдерін сату бойынша   кәсіпорындардың негізін қалады, сондай-ақ, көліктік-   логистикалық компания жұмыс істеп отыр.

 Жас кәсіпкер ғылымға да уақыт табады. Жүк тасымалын   ұйымдастыру, логистика, тасымалындағы баға белгілеу   сынды тақырыптарға ғылыми еңбектер мақалар жарфық   көрген. Олар халықаралық ғылыми конференцияларда   таныстырлған.   

Екібастұз қаласының тұрғындары Мирхат Мұсанаптың балалар футболын да қолдайтынын біледі. Жақында ол Екібастұз кәсіпқой футбол клубын басқаруда.   

 

 
 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер