«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Омарташыларға шет елде білім алу туралы ұсыныс берілді

2017 жылғы 23 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
10979 просмотров

Омарташылар қауымдастығының төрағасы Олег Гаврилов Солтүстік Қазақстан облысында омарташылыққа қатысты дау туғанын айтты

Солтүстіктегі 20-дан астам омарташылар агробіліктілік бойынша білім алды. Атап айтқанда, арнайы ұйымдастырылған оқу курсы алғашқы рет өткізіліп отыр.

Семинарға қатысушылардың барлығына мемлекеттік бағдарламаны пайдалануға мүмкіндік беретін сертификат табысталды. Бүгінде облыста мың жарымдай омарташы тіркелген. Олардың айтуынша, бал ара саласы осы өңірде жақсы дамып келеді.

«Омарташылардың қатары артқанын байқадық. Жұрт, тіпті, даурығып жатыр, әрбір екінші, үшінші адам осы саламен айналысқысы келеді. Екінші жыл қатарынан ара қаптары жетіспейді. Осылайша даурығу басталды», – дейді СҚО омарташылар қауымдастығының төрағасы Олег Гаврилов.

«Бал Ара» Қазақстан омарташыларының ұлттық одағы вице-президенті Ғабит Нұралы омарташылықтағы жаңалықтармен бөлісті. Оның айтуынша, омарташылықты дамытуда Солтүстік Қазақстан облысының әлеуеті жоғары.

«Біздің облысымызда өсімдік шаруашылығы дамып келеді, түрлі дәнді-дақылдар егіліп жатыр, бұл балұяға жақсы азық болады. Біз жаппай омарташылық туралы айтып отырмыз. Себебі бал кәсібіндегі негізгі үлесті жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Егер, осы салаға қызығушылық танытқан әрбір адам арнайы оқу курсынынан өтсе, өзінің саяжайында, тіпті балконында бір-екі балұя қоюшы еді. Сонымен қатар, балды пайдалану дағдысын да қалыптастыру керек. Статистикалық мәліметке сүйенсек, еліміздегі әрбір азамат орташа алғанда 50 грамм бал жейді, ал Еуропада бұл 4 есе жоғары. Сондықтан, біз сіздердің омарташыларыңызға ауылшаруашылығы кооперативін құруға кеңес береміз. Себебі, біріге отырып субсидиялау немесе жеңілдетілген несие түрінде берілетін мемлекеттік қолдауды алу оңай болмақ», – дем түсіндірді Ғабит Нұрәділ.

Алайда, шешілмеген түйткілді мәселелер әлі де бар, жастар жағының омарташылыққа қызығушылығы бәсең. Ғадит Нұрәділдің айтуынша, бұл мамандықтың иелері егде тартып келеді. Осы жағдайды оңалту үшін республикалық қауымдастық жоғары сынып оқушыларын шетелде білім алуға шақырып отыр. Словакия, Ресей мен Израиль елдеріндегі омарташылар тәжірибе бөлісуге дайын.

Өңірдегі жас омарташының бірі – Роман Мозяйкин. Оның жасы 23-те. Жас жігіт бір ай бұрын тұрақты жұмысын тастап, омарташылықпен айналысуға шешім қабылдаған. Бұл мамандық бойынша тегін білім алуға, тіпті шет елде оқуға болатыны жайлы құлағдар болып, ойланып, шешім қабылдаған екен.

«Словакияға барып білім алу идеясы қатты қызықтырды. Мүмкіндік беріліп отырғанда осы мамандық бойынша блім алғым келеді. Омарташыларға арнап осындай курстарды ұйымдастырудың маңызы зор деп ойлаймын. Бұл саланың дамуына зор әсер етеді», – деді Роман Мозяйкин.

ҚР Ауыл шауаршылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Атамекен» ҰКП агроөнеркәсіп кешені саласындағы отандық және шетелдік озық сарапшыларды тарта отырып, арнайы семинарларды тегін ұйымдастырды. Биыл облыста 18 семинар өткізу жоспарланған, оның ішіндегі 13 семинар мал шаруашылығына арналса, 5 семинар өсімдік шаруашылығына бағытталады, онда Агроөнеркәсіп кешенінің 300-ге жуық субъектісі оқытылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер