«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сүт фермасы оқу орталығына айналды

2017 жылғы 03 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
13455 просмотров

«Тайынша-Астық» ЖШС өңірдегі  жетекші кәсіпорындарының бірі

Компания басшылығы өндірісте түрлі семинарлар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісуге қашанда дайын.  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Білікітілікті арттыру орталығы оқыту семинарларын жыл сайын өткізіп келеді. Биыл екі ай бойы «Тайынша-Астық» ЖШС базасында мал шаруашылығының негізгі саласы – сүт өндірісі бойынша үш оқыту семинары ұйымдастырылды. Шаруашылықта үлкен мал кешені орналасқан. Мұнда симментал, ангус, герефорд, қазақ ақбас сиыры және голштино-фриз тұқымдары өсіріледі.   

Семинарларға 45 адам, оның ішінде жұмыс істеп жатқан және кәсіпті енді бастаған кәсіпкерлер бар. Оқыту  екі кезеңнен тұрады. Теориялық – дәріс оқу, және практикалық – өндірістің өзіне барып, шаруашылықпен танысу. Осы жолы тәжірибелік сабақ сүт фермасында өтіп, ондағы сүт өндірудің жаңа технологияларды қатысушылар өз көзімен көріп қайтты.

Міне, кешкі сауын. Сиырлар сауын аппараттарына қарай өздері асығып келеді. Сиырлар бұл тәртіпке үйренген, сауу күніне екі рет жүргізіледі. Кейбір сүтті сиырлардан тәулігіне 60 литрге дейін сүт сауылады.

«Сүтті мал шаурашылығын жүргізу біздің ауданда өзекті бағыт. Ауыл тұрғындары сүт шаруашылығымен айналысуға ынталы. Біз сауылған сүтті өндіріске тапсырамыз, бұл өнімге сұраныс жақсы. Ауданда сүт өңдейтігн бірнеше кәсіпорын бар. «Тайынша сүті» ЖШС, «Лера-Норд» ЖШС компиялары сүт қабылдайды, алайда бұл аз. Сондықтан бізге осы саланы жетік білуге көмектесетін оқу курстары қажет. Біз бір орында тұрмай, кәсібімізді жетілдіргіміз келеді», – деді семинар тыңдаушысы Ибрагим Тимаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер