«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстіктегі отбасы ауылдастарға септігін тигізді

2018 жылғы 09 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
10459 просмотров

«Бастау Бизнес» Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының жеке кәсіп бастауына ықпал етеді

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Қарағаш ауылында тұратын ерлі-зайыпты Мәулітбай Қожабеков пен Бақытгүл Қайдалина «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алып, бизнестің екі түрін бастады

«Бұл жобаға көңіліміз толды. Білім алған ауыл тұрғындарының әрқайсы осындай ойда деген сенімдемін. Бизнес-жаттықтырушы Ажар Байбақшиеваның жетекшілігімен қажетті білім алып қана қоймай, бизнес-жоспар құрып, егжей-тегжейлі есептеуін де шығардық», – дейді жеке кәсіпкер Бақытгүл Қайдалина.

Ол оқу курсын тәмамдағаннан кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз қаражатының есебінен Қарағаш ауылында дүкен ашты. Ал жолдасы Мәулітбай Қожабеков «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 3 жылға 6 пайыздық мөлшерлемемен 3 млн теңге қаржы алып, жолаушы тасымалдайтын микроавтобус сатып алды. Осылайша жаңадан «Қарағаш ауылы – Көкшетау қаласы», «Қарағаш ауылы – Тайынша қаласы» арасына қтынайтын екі бағытты ашты.

Жаңа бағыттың ашылуы көлік мәселесін шешті. Енді ауыл тұрғындары аудан орталығына ғана емес, Көкшетау қаласына да жете алады. Бұған дейін автобустың жоқтығынан қиын еді.

Бақытгүл Қайдалина болашақта жолдасы секілді «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы айналым қаржысын толықтыруды жоспарлап отыр. Себебі ісер ханым осы жетістікпен тоқтап қалғысы келмейді. Жеке кәсібін ұлғайтып, тұрғындарға жаңа әзірленген сапалы өнімді жеткізгісі келеді.

Еске салсақ, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отырған «Бастау Бизнес» жобасы былтыр сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Шоқан Уәлиханов және Тайынша аудандарында да басталды. Бір айлық тегін оқу курсы ауылда жұмыссыз жүрген және өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарға арналған. «Атамекен» ҚР ҰКП бастаған бұл жобаның мақсаты – бизнес негіздері бойынша қажетті білім беріп, жеңілдетілген несие мен жеке кәсіп бастауға ықпал ету. Биылғы жылдан бастап облыстың өзге аудандарында да оқытылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер