«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өзін-өзі басқарудың жаңа салалары анықталды

2018 жылғы 24 Қаңтар
5721 просмотров

24 қаңтар күні «Атамекен» алаңында Өзін-өзі реттеу және мемлекеттік қызметті бәсекелік ортаға көшіруді ары қарай  жүргізу бойынша шараларды талқылау жиын (функцияның 2-тобы) өтті

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында атап өтілгендей 97-қадам, өзін өзі реттеу мен жергілікті өзін өзі бас­қаруды дамыту, азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту арқылы олардың құқықтары мен еркіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті бәсекелік ортаға және өзін-қзі басқаратын ұйымдарға беру қолға алынған. Үкімет мемлекетке қажет емес және артық функцияларды қысқарут арқылы жұмысын тиімді жүргізбек.

Мемлекеттік басқаруды бәсекелік ортаға беру «Атамекен» ҚР ҰКП қызметінің бағытарының біріне жатады. Аталған қадамды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдар қызметін бәсекелік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру бойынша базалық шаралар әзірлеген болатын.

Осы бағыттағы жұмыс Комиссия тарапынан үйлестіріліп отыр.Айта кетілк Комиссия ҚР Премьер-Министрі тапсырмасымен 2016 жылы құрылып, ҚР Үкіметі жанынан жұмыс істейді.

Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері қатысты, мемлекеттік қызметті бәсекелік ортаға және өзін-өзі басқаратын ұйымдарға беру бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша Комиссияның 2017 жылдың 23 қарашасында өткен жиыны қортындысы жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Асқарбек Ертаев баяндама жасады.

 «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзін-өзі реттеу институтын 5 әлеуетті сала бойынша енгізуді ұсынып отыр. Олар денсаулық сақтау, коммуналдық қалдықтарды басқару, туризм, энергетикалық аудиторлар, аңшылық», –   деді Асқарбек Ертаев.

 Комиссия бәсекелестік ортаға басқа құралдармен (аутсорсинг, мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік тапсырма, функциялардың пайдаланушылары есебінен сынды 5 функцияны мақұлдады.

«Жалпы алғанда мемлекеттік органдар функцияның 2 тобы бойынша жұмысты Комиссияның биыл мамыр айында жоспарланған кезекті отырысына дейін аяқтау керек» – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Заң шығару және өзін-өзі басқаруды дамыту Департаменті директорының орынбасары Динара Жұбанова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер