«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау Бизнес»: арман мақсатқа ұласты

2018 жылғы 16 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9433 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы кәсіпкер «Бастау Бизнес» жобасымен білім алып, кәсібін ұлғайтты

Тайынша ауданы Виноградовка ауылында тұратын жеке кәсіпкер Ертас Құсманов ұсақ мал өсірумен айналысуды көптен бері ойға алға. Бұл үшін 2015 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қой сатып алу үшін несие де алған. Былтыр азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсынан өтті.

«Кәсіпкерлік негіздерінен білім алған соң кәсібімді ұлғайтып, асыл тұқымды көбейтумен айналысуды ойладым. Солтүстік Қазақстан облысында мал маруашылығына жүргізілген талдауда өнімділігі емес, мал басының санын ғана арттыру қолға алынғанын көреміз. Көп ойланбастап «Иігілік» бағдарламасы арқылы несие алып, 40 қой мен 7 асыл тұқымды қошқар алуға шешім қабылдадым», – деп баяндады Ертас Құсманов.

Ол Кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Бастау Бизнес» жобасымен оқи отырып, бизнес-жоспар дайындап, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алуға қажетті құжаттар жинақтады. Соның нәтижесінде 2017 жылдың шілде айында 3 млн теңгеге несие алды.

«Қой шаруашылығы ауылдық жердегі бизнес үшін тамаша бастама деп ойлаймын. Біріншіден бұл кәсіп түрі тиімділігімен ерекшеленеді, қой шаруашылығының өнімі әлі күнге дейін сұранысты. Бұл кәсіпті ауылдың кез келген тұрғыны бастай алады. Оған жайылымдық жері болса болды. Мысалы менің қожалығымда жылы және салқын қоралар бар, жаздық және қыстық жайылымдық орын да бар. Жайылым жері жалға алынған. Жем алу жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкер, ЖШС арқылы реттелген», – деді жеке кәсіпкер Ертас Құрманов.

Оның ұсынысымен «Бастау Бизнес» курсына кәсіпкердің жары Бақытгүл Құсманова да қатысты, бүгінде кәсіпкерлікпен айналысуды жоспарлап отыр.

«Құсмановтар отбасын үлгі ретінде алуға олады, олар өздерін дамытуға құштар. Ертас бизнес-жоспарының қаржыландырылуын өзі есептеді. Бақытгүл де бизнес-жоспар дайындап, оны биыл жүзеге асырғысы келеді. Бизнесті дамытқан Құсмановтар отбасы ауылдастарына үлгі көрсетіп отыр», – деп тұжырымдады «Бастау Бизнес» жобасының бизнес-жаттықтырушысы Ажар Байбақшиева.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер