«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Америкалық бизнесмендер СҚО кәсіпкерлерімен ынтымақтасуға дайын

2018 жылғы 05 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
9211 просмотров

СҚО кәсіпкерлер палатасы дирекциясымен өткен кездесу жайында АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі  Джон Марк Поммершайм мәлімдеді

 СҚО-ға жұмыс сапары аясында АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің өкілдері Өңірлік кәсіпкерлер палатасында қонақта болып, дирекциямен келіссөздер жүргізді.

«Америкалық бизнесмендерге қандай мүмкіндіктер барын жақынырақ білу үшін Қазақстанның өіңірлеріне баруға тырысамыз. Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы экономиканың басым бағыттарының бірі екенін білемін. Біз кеше жергілікті әкімдікте болдық, онда ауыл шаруашылығына қатысты жобалармен таныстық. Айта кетелік, жуырда біз агро саласынының маманын елшілікке жұмысқа алдық, бұл бастама екі ел арасындағы бизнесті құруға жол ашады деген сенімдеміз», – деді АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Джон Марк Поммершайм

 

Дипломатиялық корпус өкілі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысымен таныс екенін айтты. Бұл ұйымның мемлекет бизнесі мен экономика дамуына, сонымен қатар инвестициялар тарту мәселелрі бойынша қосып жатқан үлесі жайында хабардар екенін атап өтті. Сондықтан елшілік солтүстікке келіп, Өңірлік палатаға кіруді жөн санаған. Қонақтар шағын және орта кәсіпкерлік, оның ішінде ауыл шаруашылығы дамуын білгісі келеді.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша өңірдегі шағын және орта бизнес дамуының серпіні жақсы. Алайда бұл көрсеткішке қарамастан өңір инвестицияларға зәру.

«Бүгінде өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 37 мың, оның ішінде 3 мың субъект ауыл шаруашылығына жұмылған. Сонымен қатар өңірімізде америкалық компаниялармен жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындар бар, мәселен, «Теңізшевроил» компаниясын атауға болады. Тағы бір компания  – «Пестропавл ауыр машина жасау зауыты». Өңір инвесторлар тартуға мүдделі. Осы ретте америкалық әріптестермен келісімге келеміз деген ойдамын», – деді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев.

Дипломаттар жергілікті фермерлер арасында қандай шетелдік ауыл шаруашылығы техникасы анағұрлы сұранысқа екенін білгісі келді. Елші орныбасарының айтуынша «AGROTEC» ауыл шаруашылық техникасы көрмесінде қазақстандық фермерлер «John Deere» және басқа да америкалық техникаға деген пайыздық мөлшерлеме өзге техникаға қарағанда жоғары деп санайды екен.

 СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат Ысқақовтың айтуынша Солтүстік Қазақстан шаруалары арасында белорустық және ресейлік техника сұраныста, өйткені лизинг талаптары жақсы.

«Ресейлік және белорус компаниялары өздерінің лизингтік бағдарламаларын тиімді жүргізіп отыр. Осы елдерден шыққан техниканы лизингке алған адамға олар мемлекет есебінен пайыздық мөлшерлемені тағы түсіреді, сондықтан біздің шауралар үшін бұл несие түрі тиімді. Яғни компаниялар өз тұтынушыларын қолдаудың жолдарын қарастырып отыр. Америкалық машина шығарушы компаниялары өнімдерімен де біздің шаруалар жұмыс істеп отыр, айталық, «John Deere» компаниясынан тікелей бөлшектер тасымалдайтын жергілікті фирма да бар. Сондықтан америкалық техника бізге жақсы таныс, өңірде соңғы техникамен жабдықталған мал шаруашылығын жүргізетін фермалар да бар, оларда канадалық технологиялар кең қолданыста», – деді Марат Ысқақов.

 Дипломатиялық корпус өкілдеріне, сондай-ақ «Бастау», «Аға сеньорлар», «Іскерлік байланыс» сынды мемлекеттік бағдарламалар, сонымен қатар Палатаның басқа да атқаратын қызметі жайында ақпарат берілді. 

 Кездесу соңында екі тарап екі ел кәсіпкерлері арасында тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық орнату, өңірге инвестиция тарту туралы келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер