«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Bаmbino» сауда маркасы бактериялар жайында ақпаратты жоққа шығарды

2018 жылғы 28 Сәуір
- Астана қаласы
8153 просмотров

Өндіруші балмұздақ сынамаларын алу процедураларының дұрыс болмағаны және жалған ақпарат тарағаны жайында мәлімдеді.

Бүгін 28 сәуір күні бірқатар  БАҚ көздерінде  Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті «Банур-НС» ЖШС-ның «Bаmbino» балмұздақ маркасын өндіруі кезінде ішек тұқымдасына жататын таяқша пішінді бактерия тобы барын анықтағаны жайында ақпарат таратқан болатын.  

 Фирма жетекшісі Азамат Нұрғожин осы мәселе бойынша Астана қаласының кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Оның айтуынша БАҚ көздеріне жарияланған материалдар Департаменттің 2018 жылдың 5 сәуір күні жоспарлы тексеру негізінде жасалған. Ал балмұздақ сынамаларын алу процедурасы кезінде мемлекеттік стандарт ережелері мен нормалары бұзылған.

«Сынамаларды зертхана қызметкері емес, тексеруге келген тексеруші орган қызметкері жасаған. Сәйкесінше теріс нәтиже дұрыс алынбаған сынамадан болуы мүмкін. Температура нормасын тасымалдау кезінде бұзу, алу және сақтау процедурасы кезінде арнайы құралдардың болмауы себеп. Сонымен қатар біз бұзышулықты алып тастау туралы нұсқама алдық. Ал бұл құжат формалды мәнге ие», – деп мәлімдеді Азамат Нұрғожин.

 Сынамаларды алудағы бұзушылықтар туралы фактілер жайында кәсіпкер Астана қаласы Алматы ауданындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бөлімі бастығына хабарлаған. Осыдан кейін 16 сәуір күні өнім үлгілері сынамаларын қайтадан алады, енді процедураға лобарант араласып, арнайы процедура жасалады.

Екінші тексеру нәтижесінде жұқпалы ауру фактілері расталған жоқ, оған зертхана қортындысы дәлел.

 «Біз Департамент 5 сәуірде жасалған дүдәмал тексеріс қорытындысы негізінде неліктен өзекті емес ақпаратты таратып жатқанына таңымыз бар. Өйткені 16 сәуір күні барлық нормалар мен қағидаттарға сай тексеріс жасалған. Ал өнімді шығару мерзімі қаптамада көрсетілмеуі жайында ақпаратты БАҚ көздерінен естіп отырмыз. Бізде өнім шығару мерзімін белгілеу толық автоматтандырылған. Дата қаптамаға күйдіріліп салынады, яғни мұндай фактілер болуы мүмкін емес. Компаниямыз сапаға аса мән береді, бізге имиджіміз қымбат. Жыл сайын бүкіл өнім «НаЦЭкс» акционрелік қоғамы сараптамасынан өтеді, осылайша біз халыққа қауіпсіз өнім шығарамыз деп сеніммен айта аламыз», – деді Азамат Нұрғожин.

 

 Кәсіпкердің айтуынша компания отандық нарықта 9 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді, осы уақыт аралығында компанияға тексеруші органнан сапаға қатысты уәждер болмаған. «Bаmbino» балмұздағы италиялық технологиялар бойынша замануи жабдықта жасалады оте қағілез санитарлық жағдайда өндіріледі. Компания мамандары біліктіліктен тікелей Италиядан өтеді. Дайын өнім бүкіл Қазақстанға таратылып, Ресейге экспортталады. Астана қаласында «Банур-НС» ЖШС-нің 9 өткізу нүктесі бар.

«Өндіруші әрі кәсіпкер ретінде біз заңнамамен бектілген талаптарға сай жұмыс істейміз деп сеніммен айта аламын және өндірісте тәртіп бұзу орын алса, оған жауапкершілік тартуға әзір екенімзді мәлімдеймін», – деп мәлімдеді «Банур-НС» ЖШС директоры Азамат Нұрғожин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер