«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алтын Бұлақ» заңсыз өтеген қаражатын қайтарып алды

2018 жылғы 14 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
4826 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы «Алтын Бұлақ» Әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативіне инкассолық өкіммен заңсыз алынған қаражат қайтарылды

Бұған дейін «Әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативіне заңсыз инкассолық өкім қойылды» деген тақырыппен жарияланған материалда жеке сот орындаушысы Гүлнар Орынбасарованың қателігінен «Алтын Бұлақ» ӘКК есептік оепарциялар жасай алмағаны туралы жазылған еді. Сот орындаушысының қолында басқа бір адамның пайдасына Мұрат Сәрсенбаевтан 10 167 585 теңге көлемінде қаржы өтеу туралы шешім болған. Бірақ бұл шот өткен жылы жеке адамның атына жазылған, оны бөліп-бөліп өтеп келе жатқан. Алайда сот орындаушысы, неліктен екенін, Мұрат Сәрсенбаев басқарып отырған «Алтын Бұлақ» ӘКК есептік шотына инкассолық өкім шығарған. Кооператив басшысы бұл туралы 2017 жылдың қазан айында хабардар болған.

Сол уақытта Кәсіпкерлер палатасы филиалының қызметкерлері аудандық прокуратурамен бірлесіп инкассолық өкім шығаруда айтарлықтай қателікке жол берілгенін, заң нормалары бұзылғанын дәлелдеген еді. Нәтижесінде инкассолық өкімнің күші жойылды.

Алайда өтелген қаражат әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативінің шотына тұтастай қайтырлмаған. 2017 жылың 3 қарашасында ӘКК шотына 105 мың теңге көлемінде сома аударылған, сот орындаушысы қалған 97630 теңгені кейінірек аударуға уәде еткен. Дегенмен осы уақытқа дейін орындалмай келген.

Осыған орай биыл қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Есіл аудандық филиалына «Алтын Бұлақ» ӘКК бухгалтері Ботагөз Сәрсенбаева инкассолық өкіммен заңсыз алынған қаражатты толық қайтаруға көмек сұрап жүгінген.

Палата филиалының қызметкерлері аудандық прокурордың атына сот орындаушысының заңсыз әрекеті мен өкімді орындамағаны жайында өтінім дайындады. Палата келтірген деректер негізін тауып, қадағалаушы орган айыпты тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту туралы шешім шығарған.

«Мен «Алтын Бұлақта» жұмыс істеймін. Бұл жағдайда жеке сот орындаушысы ӘКК бухгалтериясына тиісті құжаттарды жолдай отырып, кооперативтің есептік шотынан емес, менің еңбекақымнан ғана өтеуі тиіс еді. Бұл мәселеге нүкте қою үшін қайтадан палата филиалына жүгіндік. Онда толықтай қолдап, көмек көрсетті. Қайтарылған сома көлемі аз болса да бұл кооперативтік қаржысы, ол жұмыс істеуі керек. Қазіргі таңда қаражат толық қайтарылды, палата менеджері Евгений Пьянковқа көрсеткен қызметі мен көмегі үшін алғысым шексіз», ­- деді «Алтын Бұлақ» ӘКК төрағасы Мұрат Сәрсенбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер