«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік Қазақстанда «Бастау» жобасының бірінші легі аяқталды

2018 жылғы 18 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
9245 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында «Бастау» жобасы бойынша бірінші лектен 562 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат өтті.

15 мамыр күні облыстың барлық аудандарында, оның ішінде Қызылжар ауданында «Бастау» жобасы бойынша бір айға созылған бірінші лек аяқталды. Мұнда кәсіпкерлік негіздерін оқуға ауданның 27 тұрғыны қатысып, оның ішінде 24 адам арнайы комиссия алдында жобаларын қорғады. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар және даму институттары өкілдері кіреді.

 «Бескөлде 24 жобаны қарадық, оның 21-і ауыл шаруашылығына, 3 жоба – қызмет көрсету саласына тиесілі. Олардың әрқайсысын қарастыра отырып, комиссия жобалардың тиімділігін, өтелуін және өзектілігіне мән береді», – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев.

24 жобаның бәрі комиссияның оң бағасын алды, бұл дегініміз олар Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры және несие серіктестіктері арқылы қаржылық қолдауға мүмкіндік алды. Енді құжаттарды реттеп, қаржы институттарына өтініш беру ғана қалды.

«Жалпы облыс бойынша «Бастау» курсының бірінші легін 562 адам аяқтады. Бүгінде оның 222-сі Комиссия алдында жобаларын сәтті қорғады. Қалғандары кезегін күтіп отыр.  Жобаларын жақсы қорғап шыққан тыңдаушылар қаржыландыруға өтінім бере алады», –  деді Дархан Қалиев.

Солтүстік Қазақстан облысында «Бастау» бойынша екінші лек 28 мамырда басталады деп күтілуде. Қатысу үшін өтінімді Өңірлі кәсіпкерлер палатасына беруге болады. Палата мекенжайы: Көкшетау қаласы, Абай көшесі 29, 104-кеңсе, байланыс телефоны: 50-35-87, сонымен қатар өтінімдер аудандық филиалдарда да қабылданады.

Естеріңізге салсақ, бұл жоба Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жүзеге асып отыр, мұнда халықтың біліктілігін арттыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперацияларын қалыптастыру көзделген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер