«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Петропавлда «Іскерлік байланыс» жобасының бірінші кезеңі аяқталды

2018 жылғы 24 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
9205 просмотров

Солтүтсік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында жоба қатысушыларына сертификаттар табысталды

Бірінші кезеңге жалпы 29 адам қатысты. Бұл экономикада басымдыққа ие салаларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын жетекішілері.

 «Жоба қатысушыларын бірінші кезеңді сәтті аяқтаумен құттықтаймын. Алдымызда екінші кезең, онда кәсіпкердің таңдаған бейін бойынша шетелдік кәсіпорындарға барып тағылымнамадан өту мүмкіндігі бар. Былтыр Германияға өңірден бір азамат барса, биыл бұл сан артады деген үмітіміз бар.  Белгілі болғандай, қатысушыларды іріктеуді қазақ-герман бірлескен комиссиясы  жүзеге асырады. Комиссия үміткерлермен тағылымдамаға қатысу мақсаты жайында сауал жүргізіп, бірінші кезеңдегі жобалық тапсырма нәтижесін сынап, байқау құжаттамаға талдау жүргізеді. Демек, барлығы өз қолдарыңызда. Ал біз өз тарапымыздан қолдау беруге дайынбыз», – деді ӨКП директоры Дархан Қалиев.

 Оқу барысында қатысушылар шетелдік және отадық бизнес-тренерелердің жетекшілігімен өз кәсіпорындарының жеке бизнес-жоспарларын әзірледі.  Бизнес тренингтер аяқталысымен олар жобаларын өздері аяқтау керек. Ары қарай «Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнату» құралы бойынша екінші кезең іріктеуіне қатысады.

 «Кәсіпорнымыз электр оқшаулайтын материалдарды шығарады. Аталмыш өнім экспортқа бағытталған. Қазіргі таңда өндірісті ұлғайтып, өнімді өткізуді өсіріп, еңбекақыны жоғарылаттық. «Іскерлік байланыс» құралына қатысу да біз үшін пайдалы жаңа меже болып отыр. Осындай жобаға қатысуды барлық кәіпкерге ұсынамыз. Енді екінші кезеңге дайындаламын», – деді «Изолит» ЖШС жетекшісі Александр Бебешко.

Екінші кезең шетелде тақырыптық бизнес тағылымдаманы қарастырады, атап айтқанда Германияның кәсіпорындарында практикалық сабақтар өтеді. Онда кәсіпкерлер шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс ортауға мүмкіндік алады, келіссөздер жүргізеді. Келіссөздер технологиялар трансферті мен жабдық сатып алу, тауар, жұмыс және қызмет бойынша өзара алмасу, франшиза сатып алу,  халықаралық және шетелдік ұйымдардан гранттар алу немесе бірлескен кәсіпорындар құру болып табылады. Осы ретте жоба қатысушылары Қазақстаннан аттану бойынша жол шығындары мен шетелде тұру шығындарын көтермейді, барлығы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен өтеледі. Яғни кәсіпкер шетелден пайдалы тағылымнамадан өтуге аз шығындалады.

Айта кетелік, «Іскерлік байланыс» жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай картасымен жүзеге асуда. Аталған компонент бойынша Петропавлда бірінші кезең алғашқы ретжүзеге асып отыр. Бұрын оқыту Алматы мен Астана қалаларында өткен.    

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер