«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстікте «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді

2018 жылғы 02 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
3776 просмотров

Ертең 3 тамызда Петропавлда 40-тан астам тауар өндіруші қатысатын «Қазақстанның үздік тауары – 2018» өңірлік көрме-байқауы болады

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының айтуынша биылғы байқауда танымал кәсіпорындармен қатар жаңа өндірушілердің де өнімін тамашалауға болады.

«Бұл байқау ұлттық бренд деңгейіне көтерілгені мәлім, сапа саласында беделді шара саналады. Сондықтан байқауға қатысу – кәсіпорын үшін өзін танытудың, жарнамалаудың, тұтынушы қатарын арттырудың зор мүмкіндігі. Сонымен қатар жаңа серіктес табуға, бизнестің жаңа бағытын ашуға да сеп.  Биыл көрме-байқауға өңірдегі 40-тан астам өндіруші қатысады. Олардың қатарында танымал кәсіпорындармен қатар жаңа тауар өндірушілер бар екені қуантады. Көбі «Бастау» жобасы арқылы ашылған», – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев.

Көрмеге келушілер жергілікті өніммен танысып қана қоймай, концерттік бағдарламаны тамашалап, ұтыс ойынына да қатыса алады.

Еске салсақ, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы жыл сайын үш аталым бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары».

Сарапшылық комиссия әр аталым бойынша 3 жеңімпаздан анықтайды, нәтижесінде 9 өндіруші облыс атынан Астанада өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер