«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Асфальттің жарамдылығын қалай ұзартуға болады?

2018 жылғы 07 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
10955 просмотров

Ол үшін петропавлдық эелктро оқшаулайтын материалды өндіруші жол төсемдерін салғанда ризолинді қолдануды ұсынады.

Ризолин – бұл өзі жабысатын гидро оқшаулағыш жаңа материал. Оны шатыр, құбыр мен цистерна жапқанда қолданып қана қоймай, асфальт төсегенде де пайдалунға болады.

«Ризолинді 10 жылға жуық уақыт өндіріп келеміз. Бұл біз өндіріп отырған жаңа өнім. Егер бұл материалды асфальт төсегенде қолданса, онда ол асфальттың төменгі қабатын ылғалдың түсуінен қорғап асфальтбетон қоспасының шағын бөлшектерінің жуылып кетуінен сақтайды. Демек, асфальттің ұзақ мерзімге жарамдылығын арттыруға көмектеседі», – деді «Блок» ЖШС-тың жетекші маманы Павел Сахаров. 

 Оның айтуынша қазіргі таңда Қазақстанда бұл материалды гидро оқшаулағыш құрал ретінде ешкім қолданып жатқан жоқ.

 «Қазіргі таңда біз ризолинмен жобалық-сметалық құжаттамаға өтуді көздеп отырмыз, ары қарай республикалық деңгейге шығу – мақсат. Өйткені материалымыз бәсекеге қабілетті баламасы жоқ өнім. Осыған орай біз Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы көмегіне жүгіндік. Палата қала әкімдігімен келіссөздер жүргізіп, соның нәтижесінде бізге сынамаға жер учаскесін бөліп берді. Ол учаскеде біз өз қаражатымызға ризолинді төсеп жатырмыз. Материал төселген соң оның үстінен каток жүреді, ал үстіне асфальт бетонды қоспа төселеді», – деді Павел Сахаров.

Бұған қоса ризолын кез келген беткі қабатқа жақсы жабысады, ол тозуға төзімді, осылайша асфальт бетінде жырықтар болмай, жарамдылық мерзімі артады.

 «Асфальт тез тозғыш келетін мәлім, бұл үдерісті жылда жолдарда байқаймыз. Жолға  жаңа салынған асфальт жабынды жауын, аяз бен қарға төзімсіз, ары кетсе 2-3 жылға шыдас береді. Ризолинді қолданса, бұзылу үдерісі тежеледі, өйткені асфальт қабатына ылғал түспейді. Ризолнинің жарамдылық мерзімі – 25 жыл», – деп қорытындылады Павел Сахаров.

СҚО кәсіпкерлер палатасы қала әкімдігі өкілдері ризолинді жобалық-сметалық құжаттамаға қосу арқылы асфальт сапасы артып, кәсіпорын ірі тапсырыстармен қамтылады деген ойда.

 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер