«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер газ-техникалық инспекцияны құруды ұсынып жатыр

2018 жылғы 20 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
10331 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында газ саласында жұмыс істейтін бизнес субъектілердің мәселелерін талқылау бойынша жиын өтті. Негізгі мәселе автомобильдерге арналған газ отынмен толтыратын станцияларға өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары, газ шаруашылығы объекітлерін өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау және қорғау және бәсекелестік саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу сұрақтары болды.

 Нарықтық бағаға, экологиялық нормаларға талаптардың өсуіне байланысты автокөлік иелерінің көбі бензиннен гөрі сұйытылған газға көшкені жасырын емес. Ал сұраныс ұсынысты тудыратыны белгілі. Сондықтан қазір автомобильдедрді газ жанармай бекеттері жаппай ашыла бастады, олар тұрақты жанармай станцияларында да бөлек те сұйық отынды сататын болған. Ал олардың барлығы заң нормаларына сәйкес келу-келмеуі белгісіз. Осы талаптарды ұстанбаған кәсіпкерлерді қандай жауапкершілік күтіп тұр? Бұл және өзге де сұрақтарға СҚО бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Өнеркәсіптік даму және  қауіпсіздік департаментінің қазандық және газ қондырғыларын, көтергіш қондырғыларын және нан өнімдерін мемлекеттік қадағалау департаментінің бас маманы Арман Бәсенов ақпарат берді.

 «ҚР Заңнамасы талаптарына сәйкес автогаз жанармай станциясын іске қосуда бірқатар міндетті процедураларды орындау керек. Бұл қауіпті өндірістік объектіні салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, сақтау және жою жөніндегі жобаны мақұлдау және әзірлеу жұмыстары. Сонымен қатар мемлекеттік инспектордың қатысуымен техникалық куәландыру және қысым астында жұмыс істейтін ыдысты өкілетті органға есепке қою қажет. Әзірленіп жатқан жобалар нормативтік-құқықтық актілерге сай келулері керек. Бұл «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесі», «Газбен жабдықтау жүйесінің қауіпсіздік талаптары», «Газ тарату жүйесінің құрылыстық нормалары», «Стационарлық жанармай құю станцияларын салу ережелері», «Автомобильді құю станциясының, автокөлік жанармай құю станцияларының құрылыстық стандарттары» нормалары, – деді Арман Басенов.

 Егер Автомобильді газ құю станциясын пайдаланудың өзіне келетін болсақ, спикердің айтуынша, станцияның тұрғын нысаны, сауда палаткалары, дүңгіршек, және көпшілік жиналатын жерлерден арасы 60 метрден кем болмуы тиіс, ал орман алқабтары үшін – 2225 метр алшақтық керек. Жер астында сұйытылған газ резервуары мен сұйық мотор жанармай құю колонкасы арасы 30 метрден кем болмауы тиіс.

   Алайда, бақылау-қадағалау орган өкілінің айтуынша, қала мен облыстағы Автомобильді газ құю станцияларынң көбі жоғарыда аталған талаптарға сай келмейді. Демек, ҚР Заңнамасын бұзып жұмыс істеуде.

 «Қауіпті өндірістік нысандарға қойылған талаптарға сай келмейтін, яғни осы мамандық бойынша оқымаған жұмысшылар жұмыс істеуде. Өнеркәсіптік қауіпсіздік процедуралары әзірленбеген немесе қолданылмаған. Департамент жергілікті атқарушы органдарға бірнеше шаралар қабылдаған хат жіберді, бірақ жағдай әлі күнге дейін өзгерген жоқ. Апаттар мен жарылыстарды алдын алу мақсатында департамент газ құю бекеттерін ҚР заңнамасына сай қылуды талап етеді», – деді Арман Бәсенов.

Маманның айтуынша, қазіргі таңда облыс орталығы мен аудандарда бірқатар газ құю станциялары заң бұза отырып жұмыс істейді.

Кәсіпкерлер өнеркәсіптік талаптар бұзылса, қандай жауапкершілік қарастырылғанын сұрады. Анықталғандай, талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған. Ал ескертпені ары қарай да орындамағандары үшін бақылаушы орган кәсіпорын жұмысын тоқтату бойынша арызбен сотқа жүгіне алады.

«Горгаз-сервис» ЖШС өкілдері, мәселен, тұрғын үйді тұтынушылардың ғана емес, кафелердің, дүкендердің және т.б. иелерінің қауіпсіздік бұзушылықтарына шағымданған.  Осы ретте мемлекет тарапынан қандай да бір бақылау жоқ, қадағалау функцияларды орындайтын бақылау органы да белгіленбеген.

 «Жұмыс барысында кәсіпорынымыз тұрмыстық тұтынушылар тарапынан орын алған бұзушылықтарға жиі тап болады. Газ жүйесін пайдаланушылар өз беттерінше тұрмыстық газ жабдығын қосып, өшіретін жағдайлар көп орын алады. Бұл кафелер, мейрамханалар, дүкендер және т.б., яғни көпшілік жиналатын орындар. Олар мемлекеттік органдармен тексерілмейді, қадағаланбайды да. Тұрғындар көппәтерлі үйде газ баллондарын да қолданады. Бұл барып тұрған бұзушылық», – деді «Горгаз-сервис» ЖШС директоры Олег Иванов.

Бұл ұйым өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда барлық нысандарды тексеріп, ескертпелер жасап қадағалайтын газ-техзникалық инспекцияны құрудың кезі келді. Ол үшін кәсіпкерлер СҚО Кәсіпкерлер палатасына «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішпен жүгінген. Жалпы алғанда «Алыс газ» ЖШС, «Рока» ЖШС, «Райгаз» ЖШС, «Альнұр газ», ЖШС және «Промгаз» ЖШС өкілдері осы ұсынысты қолдады.

   Бұл жайт газ саласында жұмыс істейтін бизнестің құқықтық жауапкершілікті алып, органдар тарапынан қадағалау жұмыстарына дайын екенін көрсетеді. Осылайша нарықта талаптарды сақтамай жұмыс істейтіндерден тазартуға мүмкіндік береді. Газ саласына қатысты бұл кездесу ӨКП алаңында өтіп жатқан бірінші жиын емес, жұмыс шешімін тапқанша жалғасатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер