Булаев элеваторынан бидай жіберіле бастады
21 қарашадан бастап бидайды қабылдау мен тиеу бойынша қызметін тоқтатқан «Булаев элеваторы» ЖШС бүгіннен бастап астық өнімін алыс-беріс ұйымдарына бере бастады. Мұндай шешім СҚО Кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігі және нан қабылдау бөлімшесі – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-тың қазіргі иесімен бірігіп қабылданды.
Айта кетелік, өңірдің «Булаев элеваторы» ЖШС, «Қиялы-Астық» ЖШС, «Смиронов элеваторы» ЖШС және «ХПК Петропавл Астық» ЖШС атты нан қабылдайтын төрт бөлімі Қазақстанның инвестициялық қорына шамамен 110 млрд теңге қарыз болған. Биылғы 1-7 қараша аралығында қор қарыз болғандар мүлігінің жария сатылымын жүргізді, бірақ бірде бір өтінім түспеген соң сатылым жүзеге аспады деп танылды. Осыған байланысты «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ борышкерлердің мүлігін иемдену туралы шешім қабылдады. Бұл туралы алыс-беріс ұйымдар 2018 жыл 20 қарашада «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ермек Сакишев қол қойған ресми хатынан хабардар болды.
Қордың жарғысында астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тасымалдау қызметтері қарастырылмағандықтан, меншіктің қазіргі иесі ресми құжатта борышкерлерге тиесілі элеваторлардың қызметін тоқтата тұру ықтималдығы туралы хабарлады, бұл да барлық технологиялық процестердің тоқтатылуына әкелуі мүмкін.
Сол уақытта алғашқы қиындықтарға Булаев элеваторының бидай қолхатын ұстаушылар тап болды. «Қазақстан достастығы» ЖШС мен ««АЗК Мирас» ЖШС екі кәсіпорын астық қабылдау бөлімі территориясынан өзінің 13 вагонға тиелген бидай өнімін шығара алмаған. Нәтижесінде кәсіпкерлерде шарттары бұзылды, олар шарттық міндеттемелерді орындамағандары вагондардың нормадан тыс тұрып қалуы, сонымен қатар кірепұлы төленген кемелерге тауар тиелуге үлгермегендіктен өлмешілік фрахт үшін шығындарды айыппұллдық санкциялар ретінде көтерді.
«Біз инвестициялық қорға өтінім жасағанымыздан соң вагондардың шығуына шектеу алынып тасталып, демалыс күндері «Қазақстан достастығы» ЖШС және «АЗК Мирас» ЖШС Булаев элеваторы территориясынан өздеріне тиесілі өнімді алып шықты. Бірақ басқа да бидай қолхаттары бар кәсіпорындар бойынша мәселе шешілмей тұр. Жалпы алғанда, үш басқа элеватор жұмысының жағдайы түсініксіз болды. Осыған байланысты орын алған жағдай жайында біз облыс басшылығына хабарладық, сонымен қатар қорға тағы хат жолдадық, онда қор басшылығын жағдайды шешу, астық қабылдау кәсіпорындарының жұмыс тәртібін белгілеу және нақтылауды сұрадық. Атап айтқанда, бидай қолхаттары барлар бидай түсіру мәселелері, бидайды шығару үшін қандай құжаттар тізімң керек, бидайды сақтау бойынша келісімшарттарды қайта жасау керек пе, болса кіммен жасау керек және басқа жа сұрақтар. Бұған қоса кәсіпкерлердің мүддесін қорғау мақсатында қолхаттары бар кәсіпкерлер қандай мерзім ішінде бидайды элеватордан шығару керектігін, және көңілге қонымды мерізімдер белгілеуді сұрадық», – деді СҚО ӨКП директоры Дархан Қалиев.
Орын алған жағдайды жедел шешу, сонымен қатар қалған бидай көлемінің сапасы мен мөлшерін сақтау мақсатында 26 қарашада облыс әкімдігінде өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен «Қазақстан инвестициялық қоры» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы, облыс прокуроры, СҚО ӨКП директоры, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ өңірлік өкілдігі және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен жиын өтті. Келіссөздер нәтижесінде бидай иелерінің «Булаев элеваторы» ЖШС территориясынан өз өнімін кедергісіз шығару мүмкіндігін беру туралы бір ауыздан шешім қабылданды.
«Бүгіннен бастап бидай қолхаттарын ұстаушылар ресми түрде өз бидай өнімдерін Булаев элеваторының территориясынан тиеп шығаруды бастады. Қазіргі таңда онда 48 мың тонна бидай жатыр. Қалған үш элеваторда өнімді алу бойынша мәселе туындаған жоқ. Бұл мәселені СҚО кәсіпкерлер палатасы бақылауға алды, біз кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтары тапталмауы үшін осы жағдайға мониторинг жүргізетін боламыз», – деді Дархан Қалиев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: