«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жас өнертапқыштар марапатталды

2018 жылғы 24 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
10863 просмотров

Петропавлда өткен өнертапқыштар мен зерттеушілер фестивалінде 25 мектеп оқушысы ғылыми еңбектерін таныстырды

 Ұйымдастырушылардың айтуынша іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдегі ғылыми-техникалық және жаратылыстану бағыттарындағы дарынды және талантты балалардың шығармашылық қабілетін қолдау.

 «Солтүстік Қазақстанның жас өнертапқышы-2018» фестивалін бірінші рет өткізіп жатырмыз, бұл шара жыл сайын өтеді деп жоспарлап отырмыз. Оған 10-18 жас аралағындағы балалар екі бағытта ІТ және биотехнология бойынша қатысты. Қатысушылар арасында Ғ.Мүсірепов, Жамбыл, Мәмлүт және Шал Ақын аудандарынан оқушылар келіп, атсалысып жатқаны қуантады. Байқау нәтижесі бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады, ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі», – деді  Оқушылар сарайы директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Ғалия Әбілова.

 Қазылар алқасы назарына 25 жоба ұсынылды, Олардың арасында №8 эстетикалық тәрбие мектеп-кешеннің оқушысы Анжелика Самосенкина бар. Қыз бала макулатураны қайта өңдеумен бірнеше жыл қатарынан айналысып келеді, нәтижесінде сапалы картон өндірілуде.

 «Жобам ескі қағаздан жаңа қағаз алуға негізделген. Ол үшін макулатураны (ескі кітаптар, газеттер) алып, ұсақтап кесу керек, кейін оған су мен ПВА желімін қосып қайнату керек. Алынған қоспаны сүзіп алып, 24 сағат бойы престің астына салу керек. Осылайша абсолютті жаңа, қолдануға дайын картон аламыз. Оған сурет салуға, жазуға, жаңа жылға арналған қолөнер бұйымдарын жасауға болады», – деді Анжелика, картон әзірлемелерін көрсетіп.

 Мұндай байқауларды ұйымдастыру мен өткізуге Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы өкілдері де қызығушылық таныттты. Байқаулар арқылы дарынды балаларды анықтап қана қоймай, тартымды жобаларды да іріктеп алуға болады.

 «Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы жұмысының бір бағыты адами капиталды дамыту екені белгілі. Сондықтан бізге оқушылармен үнемі байланыста болу маңызды. Палата жанында кәсіпкер мектебі жұмыс істейді, онда қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары оқиды. Бұдан бөлек облыс колледждерінде бизнес-мектептер ашылған, онда бизнес-тренерлеріміз студенттерге арнап арнайы жаттығулар өткізеді. Мұндай жаттыуғалар СҚМУ студенттеріне де жүргізіледі. Біз неғұрлым көп жасты қамтығымыз келеді оларды кәсіпкерлікке баулуды көздейміз. Мақсатымыз – жастарды бағыттай отырып, ел экономикасы дамуына үлес қосу», – деді СҚО ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Владимир Литвиненко.   

Фестиваль қорытындысы бойынша    ІТ-технологиялар аталымында Шал Ақын ауданы Есім Шайкин атындағы орта мектептің 9 «А» сынып оқушылары Николай Ефимов және Александр Мелехов (жетекшілері Ксения Ким)жеңіске жетті. Екінші орын Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 5 «А» сынып оқушылары Санжар Серік және Абдрахман Шайхиден алды (жетекшілері Кәмшат Әбішева). Үшінші орын Мәмлүт ауданы Краснознаменная орта мектебінің 4 сынып оқушысы Даниал Абитов (жетекшісі Жібек Абитова) алды.

«Биотехнология» аталымында бірінші орынды Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 8 сынып оқушысы Меруерт Әшімова алды (жетекшісі Райса Әбуова). Екінші орын Ғабит Мүсірепов ауданы Рузаев орта мектебінің 9 сынып оқушысы Эльдар Таңсықбаевқа бұйырды (жетекшісі Лариса Гаркуша). Үшінші орынды № 4 орта мектептің 11 сынып оқушысы Родион Липко (жетекшісі Ирина Лапшина) иеленді.

Сонымен қатар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Агротехнологиялық факультетінің деканы Алтын Шаяхметова және  СҚО бойынша «Барбанг» күрдтер қауымдастығының» республикалық ҚБ филиалының төрағасы Рашид Надировтың атынан ақшалай сыйлықтармен Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 3 «Б» оқушысы Айлин Құсайынова, Жамбыл ауданы Преснов орта мектебінің 7 сынып оқушысы Әмірлан Әскер және Ғабит Мүсірепов ауданы Рузаев орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрия Талғатова марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер