«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-орта сауалнамадан тиімді нәтиже күтеді

2019 жылғы 18 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
9683 просмотров

Қазақстанда кәсіпкерлер арасында алғашқы ауқымды сауалнама басталды. Жоба мақсаты – бизнестің негізгі мәселелерін анықтау және кәсіпкерлермен кері байланысты орнату

 Солтүстік Қазақстан облысында сауалнама екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезекте ҰКП деректер базасында байланыс нөмірлері бар кәсіпкерлер сауалнамаға телефон байланысы арқылы қатысады. Екінші кезеңде өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары бизнес-объектілеріне барып, кәсіпкерлермен жеке тілдеседі.

«Облыс бизнесмендеріне бірнеше минут бөліп, қарапайым сұрақтарға ғана жауап беру жеткілікті. Кәсіпкерлерден алынған ақпарат арқылы бизнестің негізгі мәселелерін анықтағымыз келеді және жергілікті бизнес-ортамен кері байланыс орнатамыз», – деді СҚО кәсіпкерлер палатасы Марат Ысқақов.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары әр кәсіпкерді қамтуды  көздеп отыр. Сауалнама смартфондар арқылы жүргізіледі, содан кейін барлық мәселелер «Атамекен» мамандарына жіберілетін болады.

 «Бұл сауалнама – кәсіпкерлер үшін өз мәселлерін айтуға жақсы мүмкіндік. Біз мектептермен жұмыс істейміз, мемлекеттік тапсырыстарды орындаймыз. Палатаға барып, мәселелерді айтуға уақыт бола бермейді. Ал қазір call-орталықтан қоңырауды күтіп отырмыз», – деді «Волкова» жеке кәсіпкерлігінің директоры Ольга Волкова.

Кәсіпкерлер арасында  «Atemeken Services» порталының жаңа нұсқасына қызығушылық байқалып отыр. Портал арқылы кәсіпкерлер мәселелері туралы ақпарат тастай алады. Бірнеше жеке кәсіпкерліктің бухгалтері Наталья Дроздецкая палата мамандарын күтіп отырғанын жеткізді. Салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты шағын бизнес субъектілері бірнеше мәселеге тап болған.

 «Қазір бізден бақылау-кассалық машиналарды қоюды талап етуде. Өкінішке қарай, облысты мұндай қызметті бір ғана кәсіпорын көрсетеді. Қазір олардың қызметіне үлкен кезек тұр. Сауалнама арқылы бұл мәселені естиді деген ойдамын», – деді ол.

Atemeken Services негізгі төрт құрауышты – қаржыландыру, оқыту, құқықтық қорғау мен сатуды біріктіріп отыр. Сауалнама кезінде сарапшылар кәсіпкерлерге порталға тіркелуге көмектесетін болады. Жалпы алғанда облыста сауалнама 2018 жыл 1 мамырға дейін аяқтау көзделген.                                                   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер