«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері өзгерді

2019 жылғы 25 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
10830 просмотров

Қазақстанда 2016 жылдан бастап Өндірушінің кеңейтілген міндеттері принципі іске қосылды, аталған принцип бойынша кәсіпорындар жеке өндірістерінен шыққан қалдықтарын қайта өңдеуге немесе өндірушілердің кеңейтілген мендеттері жөніндегі операторына утилизациялық төлем жасауға міндеттеледі. 2019 жылы  Өндірушінің кеңейтілген міндеттері субъектілерінің категориялары толықты. Бұл туралы СҚО кәсіпкерлері және «Өндірушінің кеңейтілген міндеттері» ЖШС атқарушы директоры Әсел Дангилованың кездесуі барысында айтылды.

Заңнамаға сәйкес 2019 жыл 1 қаңтарда пластмасса, макулатура, картон, қағаз қалдықтары және шыныны көмуге тыйым салу күшіне енді. Осылайша қамптамамен қоса, өнім (тауар) өндірушілер, тауар мен қаптама импорттаушылар, сонымен қатар қаптамадағы тауарларды импорттаушылар –Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері субъектілері атанып, утилизациялық төлем жасауға міндетеледі. Бұл қаражат қаптама қалдықтарын жинау, тасымалдау, өңдеу және жою, қатты қалдықтарды бөлек жинау, ғылыми-зерттеу және ақпараттық жұмыстар үшін өтемақы төлемдеріне жұмсалатын болады.

Айта кетелік, 2016 жылдан төлемнің бұл түрі автокөлік және автоқұрауыштарды – шиналар, аккумуляторлар, майлар және автоға арнайы майларды өндірушілеріне ғана жүргізілді. Бірақ кәсіпкерлер арасында төлемнен босатылғандар бар.

«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері бойынша соңғы талаптарға сәйкес егер майлар, полимер, шыны, қағаз және картон қаптамалары, аккумуляторларды шығаратын өндірушілер олар ең кемі қайталама шикізаттың 30%-ын  өндірісте қолданса, төлемнен босатылады. Сонымен қатар өнімді экспортқа шығару үшін әкелетін қаптама өндірушілері мен импорттаушылар төлемнен босатылады. Әлеуметтік мәнге ие 19 өнімге (сүт, жармалар, көкөніс және т.б.) арналған қаптама, гуманитарлық көмек ретінде әкелінген тауарлар, сонымен қатар өндірушілердің өз қажеттіліктеріне арналған тауарлар және қаптама өнідірісіне арналған преформаларға төлем қарастырылмаған», – деп атап өтті Әсел Дангилова.

 Аталған міндетемелер жеке тұлғаларға жүргізілмейді, яғни рұқсат етілген нормада көлік құралдарынан басқа өнімді жеке пайдалануға әкелген жеке тұлғалар босатылады. Бұл төлем тұрмыс қалдықтарын шығару бойынша қызметі ақысына қосылады.

Кездесу барысында Әсел Дангилова міндеттемелерді орындау қағидалары мен мерзімдері жайында ақпарат берді. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттерінің субъектілеріне қаптаманы сырттан тасымалдау және өндіруге орта есеппен 2-2,5 ай берілетінін хабарлады.                                                                                                                               

Айта кетелік, бұл төлем бір реттік. Делдалдық қызмет көрсететін компаниялар төлем жасамайды. Семинар барасында төлемді жүргізу механизмі, өткізетін құжаттар топтамасына қатысты сұрақтар қойылды. Сонымен қатар кәсіпкерлер мерзімі өтіп кеткен өнім қаптамасы үшін төлем қағидаларын сұрады.                             

 «Тұтыну мерзімі өтіп кетуі себепті өндірушіге қайтарылатын тауар категориясы бар. Дүкендер өнімді қайтарып береді, ал біз оны тұрмыстық қалдық ретінде жоямыз. Демек, утилизация үшін төлем жасалып қойған, бірақ бізге қоқыс өңдеутін кәсіпорындарға тағы төлеу керек», – деді «Молочный союз» ЖШС өндіріс жетекшісі Ирина Давлетбаева.

 Осындай түсіндірме жұмыстары Қазақстанның барлық өңірінде жүріп жатыр. Екі апта ішінде «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері операторы» («Оператор РОП») ЖШС өкілдері республиканың 7 өңірін аралап шықты. Кездесулердің мақсаты – Өндірушілердің кеңейтілген міндеттерді орындау өзгерістері мен қағидалары туралы түсіндіру. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері бойынша қаптама және қаптамадағы тауарларға деген төлем ставкасы 2019 жылдың наурыз айында белгіленеді деп күтілуде. Айта кетелік, 2017 жылы Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері шеңберінде қаптама және электроника үшін төлем болмағанына қарамастан, Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері Операторы Энергетика министрлігінің қолдауымен қаптама мен электроника қалдықтарын жинау және қайта өңдеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер