«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мектеп оқушыларының көбі кәсіпкер болғысы келеді

2019 жылғы 28 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
8330 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы 28 қаңтардан бастап  облыстың жалпы білім беретін орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізуді бастады. 

Сауалнама мақсаты – мектеп оқушылары арасында кәсіптік мамандықтарды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, жоғары білім берудің оқу орындары бойынша студенттердің таңдауын анықтау. Статистика көрсеткендей, жоғары сынып оқушыларының көбі болашақ мамандықтарын кәсіпкерлікпен байланыстырады.

Адам қажетті білім алған соң, өзінің қалауы бойынша жұмыс орнын тауып, жұмыс істесе, жұмыс бірлігі ретінде ел экономикасы дамуы анағұрлым көп пайда әкелетінін, әр кәсіби маман ретінде дамитынын психологтар дәлелдеп отыр. Ал болашақ мамандық дұрыс таңдалмаса, демек қызметкер жеке күші мен уақытын, сонымен ел ресурстарын бекерге сарп етеді. Оқушылардың мамандық, сонымен қатар колледж және ЖОО-ны таңдаудағы қызығушылығын анықтау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкелер палатасы 5 жыл ішінде аудандар мен Петропавл қаласы мектепірінің 9-11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізеді.

 2014 жылы кәсіпкерлер палатасы сауалнамасына 5064 оқушы, 2015 жылы – 6149, 2016 жылы – 5482, 2017 жылы – 4355, 2018 жылы – 6078 оқушы қатысты. Биыл оқушылар сауалнамасы 28 қаңтар күні Петропавл теміржол көлігі колледжінің сайытнда басталады. Анкета 9 қарапайым сұрақтан тұрады.

 «Сауалнама қорытындысы соңғы жылдары СҚО колледждеріне түсушілер аны азайғанын көрсетті; 2014 жылы 76%, 2015 – 25%, 2016 – 24%, 2017 – 27%, 2018 – 23%. Бірақ СҚО-дан Қазақстанның басқа өңірлеріне шығатын балалар санының тұрақты өсуінен кейін (2014 жылы 11,5% адам, 2015 жылы 15,5%, 2016 жылы 15,7% адам, 2017 жылы – 21% адам) былтыр 14, 89%-ға құлдырау байқалды», – деді Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Владимир Литвиненко.

Айта кетелік, Ресей Федерациясының колледждері түлектеріміздің назарын аударуда. Осылайша 2014-2015 жылы көрші елге кеткен түлектер саны артқан (сәйкесінше 3,4% және 8,9%). 2016-2017 жылдары төмендеу 8,7% және 7,6% байқалса, 2018 жыл 8, 26%-ға өсу болған.

«Мамандықты таңдауда жылдан жылға дәрігерлер, мұғалімдер, агроном, әскери мамандықтар көш бастап тұр. 2016 жылы түлектер алғашқы рет кәсіпкерлікті таңдады (сауалнамаға қатысқандардың 3,8%-ы), 2017 жылы – түлектердің 3,83%-ы, ал 2018 жылы түлектердің – 4,39%-ы бизнесмен болғысы келеді. СҚО кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікке қызыққан жастарға көмек беруге дайын. Өңір оқушыларына арнап «Жас кәсіпкер клубы» жұмыс істейді, онда балалар кәсіпкерлік негіздерін оқи алады», – деді Владимир Литвиненко.

 23 қаңтар күні «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылының ашылуы салтанатында Мемлекет басшысы «Бастау» жобасының тиімді тәжірибесін жалғастырып, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысы атап өткендей, қазіргі таңда елде 300 мың адам немесе жастардың 9%-ы білім беру және еңбек қызметіне жұмылмаған. Осыған байланысты аталған категориядағы жастар санын жыл сайын қысқартуға ықпал ететін тиімді шаралар қабылдау керек.

Елбасы бұл бағытта «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып отырған «Бастау» жобасын мысалға келтірді. Жоба арқылы ауыл-аймақта 43 мың адам бизнес негіздерінен білім алып, нәтижесінде 11 мың бизнес-жоба жүзеге асты, сондай-ақ 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер