«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Петропавл кәсіпкерлері салық заңнамасындағы өзгерістермен танысты

2019 жылғы 07 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
9938 просмотров

2019 жылы салық заңнамасы қалай өзгерді? Бұл туралы Петропавл бухгалтерлері мен кәсіпкерлеріне Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцев айтып берді

«Салық туралы қарапайым тілмен» жалпықалалық конференцияға 200 астам адам жиналды, оның ішінде кәсіпкерлер, бухгалтерлер, шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін азаматтар бар.

 СҚО Кәсіпкерлер палатасы Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Александр Бердниченко Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер арасында ұйымдастырған ауқымды сауалнамасы жайында әңгімеледі.

 «Байқаған боларсыздар, мамандарымыз тіркелу кезінде сауалнаманы толтыруды, оңай сауалдарға жауап беруді сұрайды. Бұл жұмыс кәсіпкерлерге арналған ауқымды сауалнама аясында жүріп жатыр. Сауалнама бизнес-ортамен тығыз байланыс орнату, кәсіпкерлер палатасы өнімдері туралы ақпарат береді. Бүгін онлайн режимінде 60-тан астам қызмет түрін ұсынып отырмыз. «Несие агрегаторы» арқылы несие алу үшін оншақты банке бірден өтінім жіберуге болады. «Atemeken Services» арқылы қай жерде болмасаңыз да мәселеңіз жайында хабарлай аласыз», – деді Александр Бердниченко.

Ал мәселелер кәсіпкерлерде жетерлік. Көп жағдайда мәселелер заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты. Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцев жыл басынан 13 қалаға барып, салық заңнамасында соңғы өзгерістер бойынша конференциялар өткізген. Петропавлдағы кездесу аязды күні өтті. Дегенмен, конференцияға қатысушылардың саны көп болды. Конференцияда бизнес жүргізуге қажетті пайдалы ақпарат айтылды.

 «Бірінші кезекте бухгалтерлерге салық режимінің жаңа түрі – бірыңғай жиынтық салығы туралы ақпарат беремін. Жарты миллионнан жоғары өзін-өзі жұмыспен қамтыған және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар ай сайын 2500 теңге төлеу керек. Тағы бір маңызды тақырып – микро және шағын бизнеске арналған салықтық рақымшылық. Негізгі қарызды төлеген азаматтарға айыппұлдар мен өсімпұлдар кешіріледі. Сонымен қатар конференция барысында кірістерді жалпы декларациялау туралы айтып береміз. Заң 2020 жылы күшіне енеді. Бірақ, есепті 2019 жыл бойынша тапсыру керек. Сондықтан дұрыс дайындалып, деректерді дұрыс белгілеу маңызды», – Дмитрий Казанцев.

 Қатысушылар онлайн бақылау-кассалық машиналарға өтуге міндеттелген салық төлеушілер үшін қызмет түрлерін кезең-кезеңмен кеңейтуге қатысты сауалдар қойды. 2019 жыл 1 сәуірден бастап өзгерістер кәсіпкерліктің 325 түріне, 1 маусымнан – 86, ал қазан айында тізім тағы 226 қызмет түрімен толығады.  

 «Мен Кәсіпкерлер палатасы өткізетін семинарларға үнемі қатысамын. Дмитрий Казанцев өңірімзге екінші рет келіп отыр. Маман соңғы деректерді келтіріп, барлығын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Осындай кездесулер арқылы заңнаманы практикада қалай қолдану керектігін үйренеміз», – деді бухгалтер Марина Потапова.

Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы  мұндай кездесулерді «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Қазақстанның 22 қаласында өткізеді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер