«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде жаңа төраға

2019 жылғы 21 Ақпан
- Қызылорда облысы
12716 просмотров

Қызылордада кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесіне жаңа төраға келді.

«Атамекен» ҰКП жанындағы Республикалық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің шешімімен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағалығына Нұрхожаев Болат Жолтайұлы бекітілді.

Болат Жолтайұлы Нұрхожаев 1966 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол Қызылорда политехникалық колледжін «құрылысшы-техник», Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «бағалаушы» мамандығы бойынша бітірген.

Болат Нұрхожаев еңбек жолын 1986 жылы ағаш ұстасы болып бастап, Арал көтеру-тасымалдау құрылғылары заводының техникалық-қадағалау бөлімінің шебері қызметтерін атқарған. 1995 жылдан бастап жеке кәсіппен айналысып, бүгінде «Аспан групп» мекемесін басқарып отыр.

Ол азаматтық ұстанымының арқасында қоғамдық шараларға белсенді араласып, облыстық қоғамдық кеңестің, өзге де халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға арналған кеңестердің жұмысын жандандыруға үлес қосып келеді. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағалығына тағайындаламын дегенге дейін де осы кеңесте мүшелік еткен.

Болат Жолтайұлы қоғамның түрлі саласының дамуына қосқан үлесі үшін қала, облыс әкімінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен және Бас прокуратураның Құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасылы, 7 бала тәрбиелеп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер