«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алакөл жағалауында «Qoqtem Grand Resorts» бес жұлдызды қонақүй ашылады

2019 жылғы 04 Наурыз
- Жетісу облысы
7032 просмотров

450 орынға шақталған кешен жеке инвестицияларға салынған

 Талдықорғанда Алакөл көлі жағалауындағы «Qoqtem Grand Resorts» бесжұлдызды қонақүйі таныстырылымына арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға Алматы облысы Туризм басқармасының жетекшісі Жанар Алшымбаева, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Алмагүл Оңғарбаева,  «Qoqtem Grand Resorts» қонақүй кешенінің басқарушы директоры Алмажан Бақтұразова, сондай-ақ, туроператорлар және БАҚ өкілдері қатысты.  

 Қонақүй жеке қаржыға салынған. Қонақүйдің ашылуы осы жазға жоспарланған, алайда кешен алдын ала брондауды іске қосты. Көпфункциялы қонақүй кешені 450 орынға шақталған. Кешенде 102 нөмір бар, оның ішінде 97-сі – стандартты, 4-і – люкс, 1 –президенттік люкс нөмірі. Кешен қолданысқа берілген соң 80 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кешеннің жалпы аумағы 16 гектар.

 «Қонақүй кешені бес қабаттан тұрады. Жазғы террасасы бар кафе, балалар алаңқайы, спорт алаңдары ашылады. Жайлы нөмірлер мен жақсы сервис қонақтардың көңілдерінен шығады деген ойдамын», – деп атап өтті қонақүй кешенінің басқарушы директоры Алмажан Бақтұразова.

 Алматы облысы Туризм басқармасының жетекшісі Жанар Алшымбаева Алакөл көлі жағалауындағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша қолданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, биыл көл жанында Ақши ауылында шағын базар ашылып, ал қонақүйлерінде кәдесыйлар сатылатын болады.

 «Бөлшек сауда нүктелерін құру мақсатында қазіргі уақытта Алакөл ауданының басшылығы уақытша нысандардың құрылысы басталатын жер телімін қарастырып қойды. Бұл сауда орындар кәсіпкерлерге ұсынылады. Сонымен қатар қоанқтарды орналастыру жерлерде кәдесыйлар сатылатын болады. Осыған дейін кәдесыйларды кәсіби өндіретін бір компаниямен келісімге келдік», – деді Жанар Алшымбаева.

 

Туризм саласында мамандарды дайындау, сервис сапасы мәселесін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Алмагүл Оңғарбаева көтерді. Спикер «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде  компнаия жұмыс мамандарын дайындаумен айналыса алатынын айтты.

 «Бүгінде облыс аумағында  26 компания мамандарды дайындау бойынша оқу орталықтарын құрды, соның ішінде 20 оқу орны кәсіпорын жанынан құрылған. Алайда, олардың ішінде туризм бойынша оқу орталығы жоқ. Ал туристік сала үшін кадр және сервис мәселесі өзекті», – деді Алмагүл Оңғарбаева.

 Ары қарай «Жетісу» авиакомпаниясының авиа тасымалдар қызметінің аға диспетчері Гүлмира Қасенова қонақтарға Алакөл көліне ұшу бағдарламасы туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, 2017-2018 жылдар аралығында көлге барған жолаушылардың саны артқан.

 2017 жыл ішінде Үшарал әуежайына 1880 жолаушы ұшқан, ал бері  2148 жолаушы келген. Ал 2018 жылы көлге ұшуға – 4419 жолаушы, көлден келу 3641 жолаушыны құраған.

 «Биыл Астана-Үшарал, Үшарал-Алматы бағыты бойынша ұшақтар алты ай бойы аптасына 4 рет ұшатын болады. Билет құны – 16 000 теңге. Алматы-Үшарал-Алматы бағыты бойынша рейс алты ай бойы аптасына 6 рет болады. Құны – 10 000 теңге. Рейстерді  Scat авиакомпаниясы жүзеге асырады», – деді Гүлмира Қасенова.

 Биыл Талдықорған-Үшарал-Талдықорған (билеттің жоспарланған  құны – 12 000 теңге), Алматы-Үшарал-Алматы (билеттің жоспарланған  құны – 18 000 теңге) бағыты бойынша рейстерді «Жетісу» авиакомпаниясы аптасына үш рет жүзеге асырады.

Іс-шара барысында  «Complete Service» компаниясының ішкі туризм департаментінің жетекішісі Раушан Сартаева субсидиялау, санитариялық аймақтарды жақсарту, қонақүйлер құзыреттілігін арттыру және ақпараттық турларды өткізу мәселелері туралы әңгімелеп берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер