«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СҚО бизнес ханымдары студенттерге шеберлік сабақтарын өткізді

2019 жылғы 04 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
7749 просмотров

CҚО бизнес ханымдары колледж студенттерімен тәжірибе бөлісіп, өндірістік-практикадан өтуге шақырды

Көктем мерекелеріне орай СҚО Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі «Жастарға арналған бизнестің негіздері» бизнес-кездесу шеңберінде облыс студенттерімен кездесті. Студент қыздарға қандай кітап оқыған пайдалы, бос уақытты қалай тиімді пайдалану керек, бизнесті неден бастаған жөн туралы айтып, бірнеше шеберлік сабағын өткізді.

Табысты бизнес ханымдармен өткен кездесуге үш колледждің – Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледж, Петропавл құрылыс-экономикалық колледж және Петропавл машина жасау колледжінің студенттері келді. Кездесуге келген 70 студенттің барлығы болашақ маман, жуырда оқу бітіріп, түрлі бағытта жұмыс істейтін жастар. Сондықтан кәсіпкер әйелдер ұсынған бизнес кездесу пайдалы болды.

 «Бизнес бастама  арнайы оқу орнының студент қыздары табысты бизнес ханымдарының үлгісін алуы үшін колледж қабырғасында өтіп жатыр. Студенттер үшін тренингтер, сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастарды кәсіпкерлікке тарту және Қазақстанда шағын бизнесті дамыту мақсатында осындай бизнес-кездесулерді басқа да оқу орындарында өткізетін боламыз», – деді Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Динара Сандыбаева.

Айтықан Қалғаеваның табыс тағылымы қыздардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жеке кәсібін іскер ханым 20 жыл бұрын бастаған. Іскер әйелдің бизнес бастамалар қоржынында азық-түлік дүкені, сұлулық салоны бар. Тіпті Айтықан Қалғаева лимузинді жалға беру қызметімен де айналысқан.

 «Шарттар мен жобаларды нарық өзі айтып отырды. Түрлі қалаларда тұрғындардың сұранысына қарай бейімделіп отырдық. Соңғы 12 жыл ішінде Петропавл қаласында жұмыс істеп, дамып жатырмын. Қазір жеке «Алтын Орда» мейрамхана қонақ үй кешенім бар. Бизнесмен үшін негізгі тұғыр – оның білімі, тұлғалық қасиеттері, батылдығы мен  жүйелілігі. Барлық әрекеттерінді жүйелесең, тәртіпті жұмыс істесең, онда қандай салада жұмыс істемесең де табысқа жетесің», – деді «Restauration» ЖШС Айтықан Қалғаева.

Биыл Іскер әйелдер кеңесінің құрамы жас буынмен толықты. Ұйымның жаңа мүшелерінің бірі Әсел Есжанова  да пайдалы ақпаратпен бөлісті. Кеше ғана студент болған Әсел, бүгінде білім беру мекемесіне жетекші.

 

  «Университетте оқып жүріп жұмыс істедім. Сондықтан сіздерге де қазірден бастап қосымша жұмыс табуға кеңес беремін. Ақша табуды үйреніңіздер. Сосын бос уақыт бар кезде көбірек кітап оқу керек», – деді «Өзінше» білім беру үйі» ЖШС жетекшісі Әсел Есжанова.                                                                                   

Құнды әдебиет ретінде Әсел Роберт Кийосакидің кітаптарын ұсынды. Ал «Тренинг ЦентрКөмек» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі, «СҚ педагогтарының бірлігі» ҚБ төрағасы,  жастармен жұмыс бойынша тренерлердің ұлттық пулының мүшесі Ғалия Баязитова жастарған «Тұлғалық өсу» мотивациялық тренингін өткізді.

Іс-шарада студент қыздар пайдалы ақпартты тыңдап, Айтықан Қалғаеваның мейрамханасы  ұсынған өнімнің дәмінен ауыз тиді. «Алтын Орда» мейрамхана-қонақүй кешенінің директоры студенттерге арнап фуршет ұйымдастырды. Айта кетелік, 4 оқу үздігі мейрамхана ұсынған төленетін практикаға қатыса алады, ары қарай жұмысқа тұру ықтималдығы жоғары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер