«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде Ана үйінің тұрғындарына кәсіпкерлік негіздері оқытылады

2019 жылғы 17 Сәуір
- Ақтөбе облысы
4274 просмотров

Көшпелі курстарды Кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпкер-ана» жобасы аясында ұйымдастырады. Бұл туралы Ана үйінің 5 жылдық мерейтойына орай өткен іс-шара барасында айтылды

Ақтөбе қаласындағы  «Ана үйі» дағдарыс орталығы 2014 жылдың ақпан айында ашылған. Үйді күту бойынша шығындарды белгілі бизнесмен, Ақтөбе облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры Исламбек Салданов өз міндетіне алды. Үйдің жұмыс істеу уақытында тығырыққа тірілген, қолдарында сәбилері бар 150 әйел көмек алды.

«Мұнда уақытша пананы қиын өмірлік жағдайға қалған, жаңа туған нәрестелері бар жас әйелдер таба алады. Олардың жаңында медбикелер күні түні жұмыс істейді. Тамақ және баспанадан  бөлек жас аналарға заңгерлік және психологиялық көмек жасалады. Осында тұрып, көбі жұмыс тауып, оқу оқып тіпті тұрмысқа да шығып жатыр. Қазір Ана үйінде 7 әйел бар – үшеуі босану алдында, төртеуі балапандарын бағып отыр», – деді Ана үйінің үйлестірушісі Таңсұлу Лақова.

Ақтөба қаласының «Ана үйі» қолында 1,5 жасқа дейінгі баласы бар жас аналарға көмектеседі. Осы бес жыл ішінде өңірде 145 бала жетімдіктен құтқарылып, балалар үйіне түспеді.                

 «Ана үйін ашып, қамқорлық танытқан барлық меценаттарға алғыс білдіргім келеді. Өзім балалар үйінің тәрбиленушісі болғам, сондықтан жетімдікті бір адамдай білем. Сондықтан баламның анасыз өсуін қаламадым. Балам 6 айлық. Қасында бір жасына дейін болып, ары қарай балабақшаға орналастырып, жұмысқа шыққым келеді. Мамандығым – тігінші. Қазір әскер қатарында жүрген жігітім бар. Екеумізде бәрі жақсы болып, балам толық отбасында тәрбиеленеді деген үміттемін», – деді Ана үйінің тұрғыны Галина Приходько.

Жас ана қоғамға тез бейімделуі үшін жоба шеңберінде кәсіптік дағдыларға міндетті оқыту қарастырылған. Ол үшін әр «Үйде» тігін шеберханалары және компьютер кластары бар. Мұнда әйелдер келешегін жоспарлайды, ал меценаттар әйелдерге орталықта болған уақыт аралығында қаражат жинауға көмектеседі. 

 Айта кетелік, биыл Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Ана үйінің меймандарына көшпелі оқу курстарын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жұмыс «Кәсіпкер-ана» жобасы шеңберінде жүзеге асады.

 «Біз қыздарға жеке кәсіпті бастау, жүргізуді үйретіп, оларға идеяларын жүзеге асырулары үшін мемлекеттік грант алуға көмектескіміз келеді», – деді Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова.

Сонымен қатар Ана үйінің 5 жылдық мерейтойымен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, түрлі қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен кәсіпорындар өкілдері құттықтады. Қаланың көп компаниялары бүгінде дағдарыс орталығымен тығыз байланыста, қажетті қолдау, демеушілік көрсетуде.

 Осылайша кішігірім мерейтойға орай «Глобал-Спецодежда» ЖШС кәсіпорнының жетекшісі, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Надежда Шабаева Ана үйінің әр тұрғынына балалар киім топтамасын, төсек тысы топтамасын және көрпелерді сыйға тартты.

 Сонымен қатар Ана үйінің бас демеушісі, меценат, «Алтын Қыран» компаниялар тобы бас директоры Исламбек Салжановтың атынан құттықтау жедел хаты оқылды.

 Анықтама үшін: «Ана үй» әлеуметтік жобасы республика бойынша белгілі бизнесмен Айдын Рахымбаев және жұбайының бастамасымен қолға алынған. 2013 жылы олар тастанды балалардың мәселесін шешуге бағытталған «Ана үйі» қоғамдық қорын ашты. Идея қызу талқыланып, бизнесмендер арасында қолдау тапты. Қор бүкіл ел бойынша 3700 баланы жетімдіктен сақтады. Қазіргі таңда Қазақстанның 18 қаласында Ана үйі жұмыс істейді, оның басты мисссиясы – баланы отбасында қалдыру, анасынан ажыратпау, балалар үйінен сақтау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер